Түркістан облысы: Түлкібас ауданында спортшылар мен бапкерлер марапатталды

«Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» 1998 жылғы 20 қаңтардағы №3827 Жарлыққа сәйкес «Спорт күні» кәсіби мерекесі елімізде тамыз айының үшінші жексенбісі күні қарсаңында жыл сайын жоғарғы деңгейде аталып өтілуде. Осы орайда, Түлкібас ауданы Т.Рысқұлов ауылының орталық алаңында аудан спортының дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген спортшылар мен бапкерлерді марапаттау шарасы өтті. 

Түркістан облысы: мақтааралдықтардың спорт саласында жетістігі көп

19 тамыз – спортшылар күніне орай Мақтаарал ауданының ардагер спортшыларының арасында футболдан жолдастық кездесу өтті. Іс-шараның ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков спортшыларға деген ізгі тілегін арнады. 

Түркістан қаласында спортшыларға құрмет көрсетілді

Түркістанға жаңа қоныстанған Дене шынықтыру және спорт басқармасы қалалық спорт бөлімімен бірге тамыздың 18-інде «Спортшылар күніне» орай салтанатты іс-шараны Октябрь Жарылқапов атындағы стадионда ұйымдастырды. Ұйымдастырушылар алдымен салтанатты шараны бастамас бұрын Қазақ волейболының атасы атанған Октябрь Жарылқаповтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, құрмет көрсетті. 

Түркістан облысы: шардаралық спортшылар марапатталды

13 тамыз – Спортшылар күні мерекесіне орай түрлі спорт саласында еңбек етіп жүрген бір топ азаматтарға аудан әкімінің марапаттары табыс етілді. Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында өткен іс-шарада аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев спорт мектебінің директорлары мен ардагер спортшыларды, үздік спортшылар мен спорт мекемелерінде жұмыс істеп жүрген қызметкерлерді төл мерекелерімен құттықтады. 

Түркістан облысы: Шардарадағы спорттық жарыстар Түркістан көшіне арналды

Шардара ауданында Түркістан облысы әкімдігі мен басқарма қызметкерлерінің Түркістан қаласына қоныс аудару құрметіне орай спорттың жағажай түрлерінен жарыстар ұйымдастырды. Аудан әкімдігі мен аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйытқы болуымен өткен жарыста қала мен ауылдық округтерден келген спортшылар жағажай волейболынан, жағажай футболынан және балық аулаудан өзара сынға түсті. 

Түркістан облысының оқушылары спартакиададан жеңіспен оралды

Жуырда Қызылорда қаласында еліміздегі мектеп және колледж оқушылары арасындағы IX жазғы спартакиадасының жабылу салтанаты өтті. Дүбірлі сынды Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған болатын. Төрт айдан астам уақытқа созылған сында Түркістан облысының спортшылары жалпыкомандалық есепте бірінші орынды жеңіп алды. Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» хабарлайды «ontustik.gov.kz-ке» сілтеме жасап. 

Түркістан облысы: Жазғы Азия ойындарына 52 спортшы барады

18 тамыз – 2 қыркүйек аралығында Индонезияда XVIII жазғы Азия ойындары өтеді. Дүбірлі бәсекеге Қазақстаннан 400-ден астам спортшы қатысады. Ал, Түркістан облысынан 52 спортшы құрлықтың басты бәсекесінде бақ сынайды. Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» хабарлайды «ontustik.gov.kz-ке» сілтеме жасап.