Түркістан облысы: Түлкібас ауданында кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу жұмыстарының есебі тыңдалды

Бүгін аудан әкімдігінде құқық бұзушылық профилактикасы, оның ішінде кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу жұмыстарының жай-күйі туралы жиналыс өтті. Жиынның мақсаты кәмелетке толмағандарға байланысты қылмысты талдау, осы бағытта құзыретті органдардың атқарған жұмысын қорыту және алдағы уақытта осы бағытта қойылатын қысқа және ұзақ мерзімді мақсаттар мен міндеттерді белгілеу болды. 

Істі болғандар да Түркістан қаласындағы құрылысқа үлес қосып жатыр

Түркістанның гүлденуіне жаза басып жаңылған азаматтар да өз үлестерін қосып жатыр. Себебі, бүгінде қаладағы құрылыс алаңдарында пробациялық есепте тұратын 30-дан астам азамат еңбек етуде. Ал олардың уақтылы жалақы алып, еңбек талаптарына сай жұмыс істеуін қалалық пробация қызметінің мамандары бақылап отыр. 

Түркістан: облыс прокуроры мақтааралдықтардың мәселелерімен танысты

Түркістан облысының прокуроры Нұрғалым Әбдіров пен ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Болат Исақов мақталы Мақтаарал ауданына жұмыс сапарымен келіп, аудан тұрғындары және мемлекеттік қызметшілердің көтерген мәселелерімен танысты.

Түркістан облысының прокуроры Төлеби ауданының тұрғындарымен кездесті

Түркістан облысының прокуроры Нұрғалым Әбдіровтің іс-сапары Төлеби ауданының әр елдімекенінен келген 200-ден астам тұрғыны жиналған кездесуден басталды. Кездесу барысында аудан прокуроры Д.Тлемисов азаматтардың құқықтарын қорғау және құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында атқарған жұмыстарын баяндап өттіп, полиция бөлімінің бастығы Б.Жанаев тұрғындарға құқықбұзушылықпен күресу бағытында жүргізілген жұмыстарды жеткізді.

Түркістан: «Қауіпсіз жол» шарасы аясында 6 мыңнан астам құқықбұзушылық анықталған

Түркістан облысы полицейлері «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы қорытындысында 6,5 мыңға жуық жол-қауіпсіздігі ережелерін бұзушыларды анықтады. Биыл Түркістан облысы аумағында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Түркістан облысының прокуроры азаматтардың арыз-шағымын тыңдады

«Nur Otan» партиясы Түркістан облысы филиалының «Open Space» форматындағы қоғамдық қабылдау бөлмесінде Түркістан облысының прокуроры Әбдіров Нұрғалым Мәжитұлы бір топ азаматты қабылдады. Облыстың бірнеше аймақтарынан келген 11 тұрғын партия ұсынған мүмкіндікті пайдалана отырып, өздерін мазалаған мәселелер бойынша талап-тілектері мен арыз-шағымдарын айтты.

Түркістан облысының полицейлері терроризмге осал нысандарды тексеріп жатыр

Түркістан облысының ПД-ның полицейлері терроризмге осал нысандарды тексеруді жалғастыруда. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қаулыға сәйкес террористік тұрғыдан осал объектілерге: аса маңызды мемлекеттік объектілер, стратегиялық, қауіпті өндірістік объектілер және денсаулық сақтау мен білім беру мекемелері, спорт мекемелері, теміржол вокзалдары, қоғамдық тамақтану объектілері, қонақ үйлер, демалыс аймақтары және тағы да басқалар жатады.