Арыстық балалар жазғы демалыстарын тиімді әрі қызықты өткізуде

«Нұр Отан» партиясы Арыс қаласының бүлдіршіндеріне қуаныш сыйлады! «Қазығұрт Турбаза» демалыс аймағында жазғы демалыстарын өткізіп жатқан бүлдіршіндерге арнап концерттік бағдарлама мен сый-сыяпат ұсынды. Айта кетейік, лагерьдегі 137 баланың демалуына жағдай жасаған Семей қаласының Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университеті болатын.

Түркістан облысында «Денсаулық Жолы» республикалық шарасы бастау алды

Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасы мен облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен жүзеге асуда. Арыс қаласына жақын аумақта орналасқан ауылдардың халқы ауқымды шараға қатысуда.

Арыс қаласының тұрғындары білікті дәрігерлерге тексеріліп жатыр

Арыс қаласының жүздеген тұрғыны білікті дәрігерлерге қаралуға келді. Түркістан облысында «Денсаулық жолы» республикалық шарасы өтуде. Ауқымды шара Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасы мен облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен жүзеге асты.

Түлкібас аудандық емханасында жаңа қызмет көрсету орындары ашылды

Түлкібас аудандық емханасында жаңа қызмет көрсету орындарының ашылу салтанаты өтті. Шараның лентасын аудан әкімі Нұрбол Тұрашбеков пен мәслихат хатшысы Сәдуақас Сейсенбаев қиды. «Түркістан адалдық алаңы», «Әлеуметтік қызметтер орталығы», «Өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы» деп аталатын жаңа орындардың мүддесімен аудандық емхананың бас дәрігері Тұрлыбеков Бақыт Кеңесбекұлы таныстырды.

Түркістан облысы: Шардара ауданында 103 бүлдіршін тегін сүндеттелді

Аталмыш акцияның өтуіне Шардара аудандық орталық ауруханасының 9 хирург-дәрігері мен медбикелері атсалысқанын атап өткен жөн. Шардара ауданының орталық ауруханасында негізінен көп балалы отбасылардың бүлдіршіндері тегін сүндеттелді. 

Үкімет басшысы Арыс қалалық орталық ауруханасының жұмысымен танысты

Күрделі жөндеуден өткен Арыс қалалық орталық ауруханасының жұмысымен танысқан Үкімет басшысы Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Мұқан Егізбаевтың еңбегіне жоғары баға берді. 

Түркістан облысы: Түлкібас ауданы емханасындағы цифрландыру халықтың қолдауына ие

Орталық емханада ашылған жаңа қызмет түрлері бүгінде халықтың көңілінен шығып, қажеттеріне жарауда. Күрделі жөндеу жұмыстарынан өткен қабылдау бөлімінің сәнді көрінісі кімді болсын қызықтырып, көңілін қуантады. Ауырып ем іздеп барған науқастар жайлы, таза, жарық жерде отырып, кезегін күтеді.