Түркістан облысы: Төлеби ауданында жеті медициналық тірек ашылып, орталық аурухана күрделі жөндеуден өтті

Тәуелсіздік күні қарсаңында Төлеби ауданының Оңтүстік елді мекеніндегі құрастырмалы-қаңқалы модульдік конструкция әдісімен салынған медициналық тірек халық игілігіне берілді. Салтанатты шараға Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев пен Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков қатысты. 

Түркістан облысында өлім-жітім көрсеткіші 2,6 пайызға төмендеген

Түркістан облысында 2018 жылдың 10 айында жалпы өлім-жітім көрсеткіші  3,8-ді құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,6 пайызға төмендеген. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев мәлімдеді. Сондай-ақ,  ана өлім-жітім көрсеткіші өткен жылдың 10 айлық көрсеткішімен салыстырғанда 4,2 пайызға төмендеп, республика бойынша облыс 9 орынға тұрақтаған.

Түркістан облысы: өңір халқының 98 пайызында электрондық денсаулық паспорты бар

Түркістан облысы бойынша 1 791 201  электрондық денсаулық паспорты жасақталды. Бұл өңір халқының 98 пайызын құрайды. Сондай-ақ, облыстағы барлық медицина қызметкері ақпараттық жүйе бойынша оқытылып, 290 668 азамат мобильдік қосымшаны пайдаланған. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев мәлімдеді.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін түсіндіру үшін Түлкібасқа ақпараттық топ келді

Мемлекет басшысының 2018 жылғы Қазақстан халқына Жолдауын орындау және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін ендіру бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Түлкібас ауданына «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша филиалының бөлім басшысы Беден Ахмет Сейсенбайұлы арнайы келіп, аудан тұрғындарымен кездесті.

Ордабасы ауданында емханаға тіркелу тәртібі түсіндірілді

Елімізде 15 қыркүйектен бастап азаматтарды бастапқы медициналық-санитарлық көмек (БМСК) көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне тіркеу кампаниясы өтуде. Осыған орай Ордабасы аудандық мәдениет үйінде арнайы жиын өтті. Оны аудан әкімінің орынбасары Аңсарбек Әбдіқұлов ашып, жүргізіп отырды.

Түркістан облысының дәрігері денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі үшін жоғары марапатқа ие болды

Астанада үздік дәрігерлер марапатталды. 16 дәрігердің арасында Түркістан қаласы емханасының бас дәрігерінің орынбасары Райымбек Тасырбаев та үздіктер қатарынан орын алды. Дәрігер сандық медицина саласын дамытуға қосқан үлесі үшін, инновациялар мен жаңа технологияларға жол ашып, сандық технологияларды қолдана отырып, денсаулық сақтауды өзгертуге кәсібилігі мен дайындығы үшін диплом мен бағалы сыйлыққа ие болды. 

Түркістан облысында медициналық ақпараттық жүйе 100% енгізілген

Ақпараттық технологиялар Қазақстандағы медицина мен денсаулық сақтаудың ажырамас бөлігіне айналған. Диагноздар, талдау нәтижелері, тағайындау және т.б. дәрігерлер мен медициналық мекемелер күн сайын науқастарға қатысты үлкен көлемде деректер жинайды.