Logo
Басып шығаруға арналған нұсқасы
Бейсенбі, 24 Маусым 2021 17:19

Сайрам ауданында "Семей қасіреті" тақырыбында экологиялық кеш өтті

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған "Ауыл-ел тірегі" 10 күндік жобасы аясында Ақбұлақ ауыл кітапханасы "Семей қасіреті" тақырыбында экологиялық кеш өткізді.

Қазақ даласына үлкен қасірет әкелген Семей полигонының жабылғанына 30 жыл. Семей полигоны КСРО ядролық сынақ полигондарының бірі, аса маңызды стратегиялық объектісі болды. КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп Семей ядролық полигоны ашылды.

Кештің алғы сөзі Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі Мұрат Оразбаев пен Сайрам аудандық мәслихат депутаты Ұлдана Оразбаеваға берілді. Кітапхана оқырмандары Семей полигоны туралы монолог оқып, халық күйі "Жастар күйін" орындады. Кітапханашы Жаннұр Негметова дайындаған "Тарихтың қасіретті беттері" бейнеролик көрсетіліп, кітап көрмесіне ақпараттық шолу жасады. Кеш қонақтары жергілікті ақын Асаутай Тұрғанбаев, кітапхананың тұрақты оқырманы, ардагер ұстаз Күмісай Құрмантаева сөз сөйлеп, ақ тілектерін жаудырды. Кеш соңында Сайрам аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі КММ директоры Дана Нұрмұхамбетқызы іс- шараға қатысушыларға алғысын білдіріп, ақ жаулықты апаларымызға орамал, ақын Асаутай Тұрғанбаевқа шапан жапты.

Елдігіміз бен бірлігімізді, ынтымақ пен татулығымызды айқындайтын егемендігіміз мәңгілік, тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай!

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

 

Оқылды 420 рет
Super User

Келесі автордың соңғы жариялағандары: Super User

© 2020, "AQ-QARA.KZ" ақпараттық агенттігі

Директор-бас редактор: Дәурен ӘБДІРАМАНОВ

Байланыс телефоны: +77025361474

E-mail: dauren-tm@mail.ru


Пайдаланушылық келісім