Арыс қаласының бас қақпасының лентасы қиылды

Қаланың кіреберіс қақпасы - Арыс шаһарының тағы бір сәулетті туындысына айналды. Жаңа нысанның құрылыс жұмыстарын мойнына алып, қаржыландырған - Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы. Ашылу салтанатына ҚР Кәсіподақтар федерациясың төрағасы Ералы Тоғжанов пен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев арнайы қатысып, тұрғындарға құттықтау тілектерін білдірді.

Қазақстан темір жолының төрағасы Сауат Мыңбаев пен Өмірзақ Шөкеев Арыста болды

Сауат Мыңбаев Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевпен бірге Түркістан және Арыс қалаларының темір жол вокзалдарында болды. "Қазақстан темір жолы ҰК" АҚ-ның төрағасы Арыс темір жол стансасындағы көлік инфрақұрылымы нысандарын қалпына келтіру жұмыстарының нәтижесімен танысты.

Арыс қаласындағы экономикалық-әлеуметтік даму жұмыстары жаңа қарқында жалғасын таппақ

Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Арыс қаласында өткен апталық аппараттық мәжілісте айтты. Отырыста Арыста атқарылып жатқан жұмыстар мен жол, кәріз жүйесі және құрылыстың құжаттандыруы жайлы соңғы мәліметтер талқыланды. Жиында Нұр-Сұлтан, Ақмола, Ақтөбе, Шымкент, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарының өкілдері құжаттарды толық рәсімдеп, орталыққа тапсыру жағын кешіктіріп жатқаны жайлы айтылды. Облыс басшысы бұл мәселені жылдамырақ шешуді тапсырды.

Өмірзақ Шөкеев Жапонияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісін қабылдады

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Тацухико Касаи мырзаны және жапондық Kawasaki мен Marubeni компанияларының өкілдерін қабылдады. Кездесуде тараптар екіжақты қарым-қатынастарды дамыту мәселелерін талқылады.

Түркістан облысында күннен қуат алатын электр станциясы салынатын болады

Түркістан облысы, Отырар ауданының Шәуілдір ауылында салынатын күннен қуат алатын станциясының жалпы қуаттылығы 50 МВт құрайды деп жоспарлануда. Осыған орай, жобаның құжаттамасымен таныстырып, аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыруды түсіндіру мақсатында семинар өтті – деп хабарлайды «AQ-QARA-KZ» тілшісі.

Премьер-Министр мен облыс әкімі Түркістандағы аллеяда ағаш отырғызды

Түркістан – келешек жасыл желекті қала. Шаһар көркіне көрік қосу үшін көптеген тындырымды жұмыстар қолға алынуда. Облысқа жұмыс сапармен келген еліміздің премьер – министрі Асқар Мамин мен аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеев «Нұртас Оңдасынов» аллеясында ағаш отырғызып, еліміздің барлық өңірлерінде болатын экологиялық сағат– жаңа республикалық акцияны бастап берді.

Түркістанға ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин іссапармен келді

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркістан облысын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау бойынша өңірге жұмыс сапарымен келді.

Түркістан облысының өрт сөндірушілері мен полицейлері марапатталды

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаев Түркістанға арнайы іссапармен келді. Министр төтенше жағдай болған сәтте шарасыз қалған адамдарды аман алып қалған 6 қызметкерді ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Жарлығымен Түркістан облысы ТЖД қызметкерлері, өрт сөндіруші Бақдаулет Әлімқұлов, Құралбек Жұмабаев, Рүстем Сайдахметов, Бағлан Убайдиллаев пен Полиция департаментінің полицейі полиция майоры Қанат Рақышевты "Ерлігі үшін" медалімен марапаттады.