Түркістан облысы: Қазығұрт ауданында 6 мектеп пайдалануға беріледі
«Адами капиталды дамытудың көзі ретінде білім беру мазмұнын жаңғырту». Қазығұрт ауданында өткен тамыз конференциясы осылай аталды. Басқосуда білім беру мекемелерін оңтайландыру, оқу-тәрбие үдерісін жаңғырту, білім беру қызметтерінің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру мәселелері талқыланды.