Түркістан облысы: Мақтаарал ауданы диқандары қауын-қарбыздарын шетелге экспорттап жатыр
Әлемдегі ең тәтті қауын-қарбыздар Мақтаарал ауданында өседі. Бұл – ресейлік және еуропалық кәсіпкерлердің сөзі. Бұған дәлел, маусым кезінде күн сайын 200-300-ге тарта қауын-қарбыз тиелген жүк көліктері ТМД мен Балтық жағалауы елдеріне, Түркия, Германия, Грекия мемлекеттеріне жол тартады.