Түркістан облысына бір жыл толуына орай мерекелік концерт өтті
Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толуына орай мерекелік гала-концерт өтті. Бұл мереке алғаш рет тойланып отыр. 2018 жылы 19 маусымда Елбасы, ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Түркістан облысы құрылған болатын. Сол қысқа уақытта тарихи оқиғалар мен өзгерістерді бастан өткерген түркістандықтар мен қала қонақтары «Есімхан» алаңында Түркістан облысынан шыққан өнер жұлдыздарының «Ән шашуым өзіңе, Түркістаным!» атты мерекелік кешін тамашалады.