Арыс қаласында 67 көше жөнделіп жатыр

Арыс қаласының жалпы ұзындығы 272,3 шақырымды құрайтын көшеге зерделеу жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде, 17 сектордың 13-де төтенше жағдайлар салдарынан қала ішіндегі 67 көшенің жамылғысында ақаулар орын алғандығы анықталған.

Түркістан облысы: Келес ауданы орталығында көшелерді орта жөндеу жұмыстары басталды

«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында биыл Абай ауылында республикалық бюджет есебінен 23 көшені орта жөндеу жұмыстары қарқын алды. Атап айтқанда, Абай ауылына кіре беріс тұстағы көшелерді жөндеу, А.Мамытбайұлы көшесіне суағар нысандарын жеңімпаз мердігер мекеме тарапынан әкеліп орналастыру жұмыстары жүруде. 

Түркістан облысы: Шардара ауданында құрылыс қарқынды

Биыл Шардарада құрылыс қарқынды. Жаңа оқу жылына орай, екі мектеп қайта құрылыстан өтіп, ел игілігіне берілмек. Қазір ауданда инженерлік-инфрақұрылым жүйелерін жаңарту жұмыстары да көңіл көншітерлік. «Әсем» шағынауданы тұрғындарының қуанатын күні алыс емес. Құрылысшылар күні-түні еңбең етуде. 

Түркістан облысы: Мақтааралда өткен сенбілікке 5 мың адам қатысты

Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Насырханұлының бастамасымен өткен аудандық сенбілікке 5 мыңнан астам адам қатысып, 410 тонна күл-қоқыс шығарылды. Аудан орталығы Мырзакент кентінің С.Қожанов көшесіндегі бордюрлердің топырағын тегістеу жұмыстарымен танысып, жұмысшыларға қолғабыс жасаған Бақыт Насырханұлы кент әкіміне көшелердегі сауатсыз жарнамалар мен тозығы жеткен билбордтарды ретке келтіруді мықтап тапсырды.

Арыс қаласында 6,5 мың отбасы жөнделген үйлеріне кірді

Арыс қаласында 6,5 мыңнан астам тұрғын үй қалпына келтірілді.  Бір айдан бері  құрылыс жұмыстары қызу жүргізілуде. Қаланы қалпына келтіруге 10 мыңнан астам құрылысшы атсалысты. Бүгінгі таңда Арыс қаласындағы құрылыс жұмыстарының 90%-дан астамы аяқталып отыр.

Түркістан облысы: Арыс қаласында «Мектепке жол» акциясы жалғасып жатыр

Бүгін қаладағы «Лидер» балабақшасында жаңа оқу жылының алдында жыл сайынғы жалпы республикалық «Мектепке жол» акциясы өтті. Акцияның мақсаты – оқушылардың мектепке баруын қамтамасыз ету, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балалардың қажетті білім алуына көмектесу.