Түркістан облысы: Мырзакентте 160 гектар жерге көпқабатты тұрғын үйлер салынбақ
Құрылғанына енді ғана бір жыл болған Мақтаарал ауданы құрылыстың ордасына айналып үлгерді. Қазір аудан орталығы Мырзакент кентінде жүргізіліп жатқан абаттандыру, жарықтандыру жұмыстары мен жол, аяқжол құрылыстары сөзіміздің айқын дәлелі болмақ.