Түркістан: Түлкібас ауданында отандық өнім сататын дүкен ашылды

Түркістан облысы, Түлкібас ауданының орталығында отандық өнім сататын арнайы дүкен ашылды. Елбасы тапсырмасымен үндесетін игі бастама түлкібастықтар тарапынан да қолдау тауып, аудан орталығы тағы бір игі бастамамен толықты.

Арыста алғашқы балық шаруашылығы іске қосылды

Арыста балық асырау бассейндеріне 3 млн-ға жуық балық шабақтары жіберілді. Ағымдағы жылдың мамыр айында Арыс қаласы, Дермене ауылынан «Дермене Агро Групп» ЖШС директоры, жеке кәсіпкер Дүйсенбі Дінмұхаммед өз қаржысы есебінен үш балық асырау бұғатының (бассейн) құрылысын бастаған болатын.

Түркістандық шаруаларға тракторлар берілді

Түркістандық шаруаларға су жаңа тракторлар берілді. Түркістан облысының бір жылдық мерекесіне орай Түркістан облысының шаруа қожалықтары мен өндірістік кооперативтер өкілдері мемлекеттік қолдауға ие болды.

Түркістаннан Нұр-Сұлтан қаласына ауылшаруашылық өнімдерінің керуені жөнелтілді

Түркістан облысында өндірілген ауылшаруашылық өнімдері керуені Нұр-Сұлтан қаласына жөнелтілді. Облыстық ауылшаруашылық басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақовтың айтуынша, керуен Нұр-Сұлтан қаласына жеткеннен соң өнімдер жәрмеңке қойылады.

Сайрам ауданында балалар жазғы демалыстарын тиімді өткізуде

Сайрам ауданында «Болашақ» сауықтыру лагерінде 1800 бала демалатын болады. Сайрам аудан әкімі Бақтияр Мамаев, аудан әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев Арыс ауылдық округінде орналасқан «Болашақ» сауықтыру лагерінде барып, демалушы балалармен кездесті. 

Түркістан: Мырзашөлде ақпараттық білім беру орталғы мен «балалар құқығы» жазғы мектебі өз жұмысын бастайды

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Балалар және білім беру, бос уақыт және мәдени іс-шаралар» тақырыбындағы мемлекеттік гранты аясында «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі Түркістан облысының Мырзашөл өңірінде Ақпараттық-білім беру орталығын құруды және «Балалар құқығы» жазғы мектебін ашуды жоспарлап отыр.

Түркістан: Төлеби ауданында Мемлекеттік қызметшілер күні аталып өтті

Төлеби аудандық мәдениет үйінде 23 маусым — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшілер күніне орай салтанатты жиын өтті. Оған аудан әкімі Бауыржан Омарбеков, аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Қойбағаров қатысып, ауданның мемлекеттік қызметшілерін құттықтады.

Салтанатты мерекеде аудан әкімі Б.Омарбеков сөз алып: «Осыдан 20 жыл бұрын «Мемлекеттік қызмет туралы» Заң қабылданды. Аталмыш заң Қазақстандағы қазіргі заманғы мемлекеттік қызметтің берік іргетасын қалыптастырып, азаматтардың мемлекеттік қызметке қол жеткізу теңдігіне арналған конституциялық құқықтарын жүзеге асыруда шешуші рөл атқарады. Мемлекеттік қызметшілер әрбір саяси реформамен жүктелген міндеттерді кәсіби деңгейде орындап, еліміздің тәуелсіз, демократиялық егеменді мемлекетке айналуына өз үлестерін қосуда. Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, ел игілігі жолындағы қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік, елімізге тыныштық тілеймін! Отанымыз – Қазақстан Республикасының өсіп-өркендеуі жолындағы қызметтеріңіз жемісті болсын!»,-деді.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметке жаңадан кірген жас мемлекеттік қызметшілер салтанатты түрде ант қабылдап, Қазақстан Республикасына адал қызмет етуге уәде берді. Шара барысында түрлі дәрежедегі еңбек өтілі бар 20 мемлекеттік қызметкерге аудан әкімінің алғыс хаты табысталды. Бұдан бөлек, 5 мемлекеттік қызметкер облыстық мәслихат грамотасымен, 7 мемлекеттік қызметші аудандық мәслихат грамотасымен марапатталды. Жиын соңында мемлекеттік қызметкерлердің қатысуымен концерттік бағдаралама қойылып, Төлеби аудандық мәдениет үйінің қызметкерлерінің патриотизмге шақыратын әндері шырқалды.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

«Түркістанның тұлғалары мен мұралары» атты көшпелі көрме өтті

Түркістан облысындағы «Руханият - Әбу Нәсір әл-Фараби музейі» МКҚК-ның ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларындағы жобаларды жүзеге асыру мақсатында, Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толуына орай, Әбу Нәсір әл-Фарабидің 1150 жылдығы қарсаңында Қызылорда облысы, Қармақшы аудандық тарихи-өлкетану музейінде «Түркістанның тұлғалары мен мұралары» атты көшпелі көрменің ашылу салтанаты өтті.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Түркістан облысына келді

 ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Түркістан қаласындағы құрылыс жұмыстарымен, көлік инфрақұрылымымен танысты. Түркістанда ҚР Премьер-Министрі облыс орталығының салынуын тексерді. ҚР Үкіметінің басшысы жаңа халықаралық әуежай құрылысының басталуымен танысты.  Нысан облыс орталығынан 16 шақырым қашықтықта орналасқан және 2020 жылы желтоқсан айында пайдалануға берілетін болады. Терминалдың өткізу қабілеті жылына 3 млн жолаушыны құрайтын болады деп жоспарланған. ҚР Премьер-Министріне 610 төсек-орындық болашақ көпбейінді облыстық медициналық орталық жобасы таныстырылды. Жаңа аурухананы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында шетелдік және отандық инвесторлар бірігіп салатын болады.

Түркістан: Келес ауданында зиянкестермен күрес жұмыстары жүргізілуде

Түркістан облысы Келес ауданында Марокко шегірткесіне қарсы дәрілеу шарасы қарқынды жүргізіліп жатыр. Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы РММ-нің 2018 жылдың күз айларында жүргізген анықтау зерттеу жұмыстарының нәтижесінде шегіртке зиянкестерінің тұқым қойған аумағының көлемі 2019 жылы Келес ауданы бойынша 36 675 га өңдеуге жоспарланған.