Түркістан облысы: Түлкібас ауданында үш ауысыммен оқитын мектептер жоқ

Түркістан облысының шығыс қақпасында орын тепкен Түлкібас ауданында бүгінгі таңда жалпы мектептер саны – 60, оның ішінде 45-і – жалпы орта мектептер, 5-і – негізгі орта мектептер, 9-ы – бастауыш мектептер, 1-і – үш тілде оқытылатын дарынды балаларға арналған мектеп-интернат. Үш ауысыммен оқитын мектептер жоқ. Жалпы білім ошақтарында 22138 оқушы білім алуда. 

Түркістан облысы: Төлеби ауданында «Балбөбек» байқауы өтті

Аудандық мәдениет үйінде «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аудандық балабақша бүлдіршіндерінің қатысуымен «Балбөбек» атты ән-би байқауы өтті. Ел болашағы балдырған-балапандарға қазақтың өнері мен ән-биін, ұлттық дәстүрін кеңінен насихаттау һәм құрметтеуге баулу мақсатында ұйымдастырылған бұл шара ауданда биыл 6-шы рет өтіп отыр. 

Түркістан облысын дамытуға жастардың да тың жобалары үлес қосады

Түркістан облысын дамытуға арналған жас мемлекеттік қызметшілер әзірлеген үздік жобалар әкімдік тарапынан толық қолдау табатын болады. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен жинында өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді. 

Түркістан облысы: Төлеби ауданы әкімдігі тіл тазалығы мен сауаттылықты ретке келтіруде

Төлеби аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен қала, ауылдық округтердегі көшелердің көрнекі жерлерінде, ғимараттарда, мекемелерде жазылған атаулардың, жарнамалардың қазақ тілінде дұрыс жазылуын сараптау, түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында 2019 жылы маусым айының 11-20 аралығынданасихат топ мүшелерімен бірге аудандық акция өткізу кестесі құрылған-ды

Түркістан облысында 1000 гектарға жуық жылыжай бар

Түркістан облысы Сарыағаш ауданына баспасөз туры ұйымдастырылды. Сапар аясында БАҚ қызметкерлері Сарыағаш ауданындағы «Занджанижад» шаруа қожалығы мен «Измир Сарыағаш» ауыл шаруашылығы кешенінің жұмысымен танысты. 

Түркістан облысы: төлебилік тұрғындардың жол инфрақұрылымына шағымы азаяды

Төлеби ауданында жыл өткен сайын халықтың әл-ауқаты жақсарып, түйткілді мәселелер шешімін тауып келеді. Соның ішінде жол мәселесі де тұрақты назарда. Әр жылы қала, ауылдық округтердің көшелері асфальттанып, жолдары жөндеуден өтуде.