Түркістан облысы: Арыс қаласында Ұлттық валюта күніне орай спорт жарысы ұйымдастырылды
Егемен елдің ажырамас айғағы ретінде ұлттық валютаның айналымға енуі қоғам өміріндегі аса маңызды оқиға болды. Бұл Қазақстан Республикасының дамудың дара да даңғыл жолына түскендігін көрсетті. Ұлттық валютаның пайда болуы нарықтық қарым-қатынастың дамып, тиімді банк жүйесінің қалыптасуына тың серпін берді. Бүгін орталық стадионда «Ұлттық теңге» күніне орай, Түркістан облысы қаржы басқармасы мен Арыс қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен қаржы қызметкерлері арасында спорттық жарыстар ұйымдастырылып өткізілді.