Шымкент: жер қойнауын пайдаланушы 6 компаниямен келісім тоқтатылды
Келісім шарттары мерзімінен бұрын тоқтатылған компаниялар - «Шымкент Тас» ЖШС, «Хаджи-К» ЖШС, Оңтүстік Құрылыс Сервис» ЖШС, «Арслан» ЖШС, Ұйымшыл Құрылыс» ЖШС және «СПК Шымкент» АҚ.
Келісім шарттары мерзімінен бұрын тоқтатылған компаниялар - «Шымкент Тас» ЖШС, «Хаджи-К» ЖШС, Оңтүстік Құрылыс Сервис» ЖШС, «Арслан» ЖШС, Ұйымшыл Құрылыс» ЖШС және «СПК Шымкент» АҚ.
Шымкент қаласы Нұрсәт шағын ауданындағы бұрын монша болған ғимараттағы мектеп оқу жылының екінші тоқсанында қолданысқа беріледі. Бұл шешім №80 мектеп-лицейінің аталған ғимаратында «Нұр Отан» партиясы Шымкент қаласы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Мәдәліұлының басқаруымен және қалалық білім бөлімі, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет, әділет департаменті, мектеп басшылығы, ғимарат иесі мен қалалық қамқоршылық кеңес мүшелерінің қатысуымен өткен жиында қабылданды.
Шымкент қаласының әкімі «High Vill Kazakhstan» компаниясының президенті Ко Денг Хенді қабылдады. Аталған басқосуда тараптар «Shymkent City» тұрғын үй кешені жайында сөз қозғап, қала әкімі Е.Айтаханов Шымкенттің дамуы басты назарда екенін, қала орталығын ерекше үлгіде қалыптастыруды көздеп отырғанын жеткізді.
Шымкент қаласында «Шырайлы Шымқала – жастардың көзімен» тақырыбында «JAIDARMAN» ойындары өтті, деп хабарлайды AQ-QARA.KZ тілшісі.
Атаулы әлеуметтік көмектің әлегі азаяр емес. Шымкент қаласында өткен жылмен салыстырғанда өтініш берушілер саны 7 есеге артқан. Алайда, олардың арасынан 5940 отбасының оған мұқтаж еместігі анықталған. Жасыратыны жоқ, әл-ауқаты жақсы болса да, мемлекеттен көмек алғысы келетін масылдар саны артып барады дейді мамандар.
Шымкент қаласындағы №38 мектептің ауласын тазарту жұмыстарына тек әкелер қатысты. Олар ұлдарымен қатар жүріп, бірге ағаш егіп, бүлінген, сынған тетіктерді жамады. Бұл іс-шара жас буынды үлкеннен үлгі алуға үндеді.
«Жастар жылы» аясында ұйымдастырылған шараға үміт білдіргендер қарасы көп дейді ұйымдастырушылар. Алғашқы кезеңде үміткерлер дәстүрлі әндерді орындау және эстрадалық вокал бойынша бақ сынады. Фестиваль аясында жастар ән, би, музыка өнері, көркем сурет және әдеби шығарма аталымы бойынша сайысқа түседі.
14 қазан - Дүниежүзілік стандарттар күніне орай Шымкентте «Бейнедегі стандарттар әлемдік аренаны жасайды» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында өткен шарада бизнес өкілдеріне стандарттаудың жай-күйі түсіндірілді.
Мемлекеттің қарапайым халыққа көрсетіп отырған жәрдемі аз емес. Соның бірі – Атаулы әлеуметтік көмек. Шымкент қаласында осы Атаулы әлеуметтік көмек бойынша шартты ақшалай көмек алып, оған кәсіп ашып жатқан азаматтар көп деп айтуға болады. Солардың біреуі — Фахриддин Алмаходжаев.
Солтүстік Қазақстан облысындағы Ғабит Мүсірепов ауданының өкілдері Шымкентке арнайы келіп, мамандарды өңірге шақырып жатыр. Жұмыс күші тапшы аймақтарға халықтың қоныс аударуы жалғасып жатқанын айта кетейік. Осыдан 6 жыл бұрын қабылданған «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша халқы тығыз орналасқан өңірлерден еңбекке қабілетті отбасылар көшірілуде. Солтүстік Қазақстаннан келген делегаттар қоныс аударуға ниет білдірген жергілікті тұрғындарға тиісті бағдарламаны жіті түсіндірді.
Еңбек күші тапшы өңірге көшкендердің шығындары үшін 35 АЕК көлемінде қаражат төленеді. Сонымен қатар бір жыл бойы көшіп барған отбасының баспананы жалдауға жұмсайтын шығындары субсидияланады. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан жұртшылығы қоныс аударғандарды құшақ жая күтеді дейді мамандар. Баян Шегебаев, СҚО Ғ.Мүсірепов атындағы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары: «Ауыл шаруашылығы саласының мамандары қажет. Механизатор, дәнекерлеуші, энергетиктер, мұғалімдер, дәрігерлер. Камаз айдайтын көлік жүргізушілері де керек. Егіншілік пен мал шаруашылығымен айналысамын деген азаматтарға жергілікті әкімдік тарапынан қолдау болады».
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда 40 мыңға жуық тұрғын тұрса, оның дені ауылдық елді-мекендерге қоныстанған. Кадр тапшылығын сезінген шаруашылық жетекшілері Шымқалаға арнайы келіпті. «Ақ селеу» шаруа қожалығы егіншілік және мал шаруашылығымен айналысуға ниетті азаматтарды ауданға шақырады. Серік Малаев, шаруашылықтың төрағасы: «Біз келушілерге он тұрғын үй салып қойдық. Суы барлығы қарастырылған. 11 жылдық мектеп бар, бастауыш сынып оқушылары ыстық тамақпен қамтылған, наубайхана бар».
Солтүстікқазақстандықтар Шымкентте ұйымдастырылатын бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне де қатысады. Сол шарада қоныс аудару, тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету бағытында Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның мүмкіндіктері жан -жақты таныстырылады.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»