Шымкенттегі №125 мектеп жаңа дәуірдің білім ордасы болуға лайық

«Жаңа дәуірдің білім ордасы – жарқын болашақ кепілі». Кеше осы тақырыпта Шымкент қаласындағы №125 жалпы орта білім беретін мектеп аймақтық семинар өткізді. Мақсат – жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқушылардың функционалды сауаттылығын дамыту. Шымкент қалалық білім басқармасының Ғылыми-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес ұйымдастырылған семинарға шаһардағы мектептердің басшылары, директордың оқу ісі мен ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасарлары, пән мұғалімдері, сондай-ақ Түркістан облысына қарасты Созақ ауданы білім бөлімінің әдіскері мен А.Байтұрсынұлы жалпы орта мектебінің ұстаздары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері  қатысты. 

Өз баспаханасы бар аудандық газетті іздесеңіз, Түлкібасқа келіңіз

Құдайшылығын айту керек қой, құрылтайшылары аудан-қала әкімдіктері саналатын және сол жергілікті биліктің ақпараттық саясатын жүргізіп отырған басылымдардың ішінде басыбайлы баспахана тұрмақ баспанаға зәрулері де баршылық. Өзінің ғимараты болмаған соң, талай редакция ұжымының көшіп-қонуға мәжбүр екенін көзіміз көріп жүр. Атын атап, түсін түстемей-ақ қояйық, бірақ терең тарихы бар кейбір газеттер әбден тозығы жеткен нысанның бөлмелерін жалдап немесе әкімдіктің бір ғимаратының бұрышын сағалап, оқырманға жол тартып келеді. Ал Түлкібас ауданының «Шамшырақ» қоғамдық-саяси газетін бағы жанғандардың қатарына ұялмай-ақ қосар едік. 

Түркістан облысы: Бәйдібек ауданында Тұңғыш Президент күні жаңа мәдениет үйінде аталып өтті

Ағыбет ауылындағы жаңадан пайдалануға берілген мәдениет үйінде «1 желтоқсанҚазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» мерекесі аудандық деңгейде аталып өттіШараға қатысқан аудан басшысы Бақытбек Танагөзов аудан тұрғындарын аталмыш мерекемен құттықтады

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен еліміздің және оның астанасының қалыптасуы мен дамуына елеулі қосқан үлесі үшін «Астанаға 20 жыл» мерекелік медалімен Бәйдібек аудандық орталық ауруханасының фельдшері Маханбет Туғанбаевты және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан сүбелі үлесі үшін еңбек ардагерлері Мыңбұлақ ауылдық округінен Мейрамбек АқбергеновтіБоралдай ауылдық округінен Жолдас Байкенжеұлын, Жамбыл ауылдық округінен Совет Бейсенбиевті, Ақбастау ауылдық округінен Кәдірхан Мыңбаевты, Алғабас ауылдық округінен Адырбек Нұрбекұлын, Көктерек ауылдық округінен Естеміс Тұрлыбековті аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады.

Жерлестерінің қуанышымен бөлісуге келген айтыскер ақын, республикалық және халықаралық айтыстардың жүлдегері Біржан Байтуов мерекелік құттықтау сөз сөйлеп, өзінің жүрекжарды лебізін арнаумен жеткізді

Шарада «Шаянға барсаң, әншімін деме» облыстық ән байқауының бас жүлде иегерлері Қ.Қасенов, М.Бөбеев жергілікті сазгер Жарылқасын Дәулеттің «Шаянды аңсау» әнін орындаса, аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары әннен «Елбасы», «Жаңа ғасыр - Қазақстан», «Есілдің жағалауы», «Ауылым» және тағы басқа әндер орындап, ауыл тұрғындарының қошеметіне бөленді.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Түркістан облысы: Созақта алғашқы Сoworking орталығы ашылды

Шолаққорған ауылындағы «Мыңжылқы» мәдениет сарайында орналасқан Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі жанынан аудандағы алғашқы Коворкинг орталығының ашылу салтанаты өтті. Салтанатты шараға Созақ ауданының әкімі, «Нұр Отан» партиясы Созақ аудандық филиалының төрағасы Салыхан Полатов, Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрмахан Жолдасов, аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Роллан Әлжанов, аудандық мәслихаттың хатшысы Бегімбет Байғараев, аудан әкімінің орынбасарлары, салалық бөлім басшылары, кітапханашылар, оқырмандар қатысты. 

Түркістан облысы: Бәйдібекте ІТ сынып ашылды

Білім беру жүйесін цифрландыру уақыт талабы. Бүгінде сұранысқа ие мамандар көшін ІТ саласының мамандары бастап тұр. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында Бәйдібек ауданында ІТ сынып ашылды

Түркістан облысы: Бәйдібек ауданында жайылым жерді жақсарту жобасы қолға алынды

Жайылым жерді жақсарту – Елбасы тапсырмасы. Осы міндеттің үдесінен шығу мақсатында Бәйдібек ауданында үлкен жоба қолға алынып отыр. Жамбыл ауылдық округіне қарасты Жүзімдік елді мекеніндегі «Агро Логистик» шаруа қожалығының 100 гектар жеріне ауыспалы жайылым жобасы енгізілді. 

Түркістан қаласында "Дәстүрлі құндылықтар керуені" қорытындыланды

Кешегі сәрсенбіде Түркістан қаласының Мәдениет үйінде «Дәстүрлі құндылықтар керуені» атты көшпелі іс-шара жалғасын тапты. Бұл керуеннің басты мақсаты – қазақ халқының дәстүрлі рухани мәдениетін елімізде ілгерілету, мемлекетіміздің рухани тірегі болған асыл дініміздің жалпыға ортақ адамгершілік қағидаларын насихаттау және рухани құндылықтарды жаңғырту. 

Түркістан облысы: Созақ ауданында ұлттық дәстүрге негізделген байқау өтті

«Атадан өсиет – анадан ұлағат» атты мәдени шарада қазыналы қарттар ұлттық құндылықтарды насихаттап, салт-дәстүрімізді дәріптеді. Байқаудың негізгі мақсатыотбасылық құндылықтарды сақтау, жастарға тағылымды тәрбие беру, кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге көрсету. 

Түркістан облысы: Теріскейде Тұңғыш Президент күні мерекеленді

Аудан орталығындағы «Мыңжылқы» мәдениет сарайында Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты жиын болды. Жиынға аудан әкімдігі бөлімдерінің басшылары мен қызметкерлері, түрлі мекеме басшылары, мұғалімдер мен тұрғындар қатысты.