Бүгінде республика бойынша 25 мыңнан астам тарихи мұра объектісі есепке алынған болса, оның 1792-сі Түркістан облысының үлесінде. Аталған нысандардың ішінде халықаралық маңызы бар 1 ескерткіш бар. Ол – өңірдің басты туристік нысаны әрі ЮНЕСКО-ның әлемдік мәдени мұра тізіміне енгізілген Қожа Ахмет Ясауи кесені. Ол осынау аты аңызға айналған Түркістан шаһарында тұр. Түркістан қаласы – Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. Шығысында тарихи қала Отырар, батысы Жаңақорған ауданымен (Қызылорда) солтүстігінде Созақ, Кентау қаласымен шектесіп жатқан киелі жер
Еуразия кіндігінде орналасқан, Ұлы Жібек жолының дархан даласына айналған өлке де ертеден қала соғылды, мәдени ошақтар салынды. Ғажайыбы сырға толы өзен-көлдер мен тау-тастар, ормандар мен шөлейіттер массиві тарихи кезеңдердің куәсі болды. Мыңжылдық өркениет тоғысы бар шежірелі қалалар талай соғысты бастан өткізді. Қазақ хандығының, Қыпшақ ұлысының, Түрік қағанатының астанасы болған қалалар да жетерлік. Ондай қалалардағы ескерткіштер, мәдени орындар, ескі ғимараттар шежірелі тарих болып қалмақ.
1500 жылдан астам тарихы бар, Қазақ хандығының астанасы болған, шартарапқа кеткен керуен жолдарының тоғысқан жері, Ұлы Жібек жолының орталығына айналған Түркістан қаласы – Түркістан облысында орналасқан. Шығысында тарихи қала Отырар, батысы Жаңақорған ауданымен (Қызылорда) солтүстігінде Созақ, Кентау қаласымен шектесіп жатқан киелі жер. Бүгінде Түркістан қаласы тұрғындарының саны 250 мыңға жуықтап отыр. Түркістан қаласы – Қазақстанның тарихи туризмінің таптырмас ордасы. Әсіресе туризм кластерінің басым бағыты көлік инфрақұрылымы қолайлы жолға қойылған.
Шавғардан Түркістанға дейін
Түркістан қаласының тарихы 2 мыңжылдықтан бері келе жатыр. Алғаш қала атауы Шавғар деген атпен араб жазбаларындағы деректерде кездеседі. Ол – ежелден Орта Азия мен Тұран даласындағы ең көне қала.
XІV ғасырда Қожа Ахмет Иассауи кесенесі салынған кейін Түркі әлемінің діни орталығына айналды. ХV ғасырдан бастап Түркістан қаласы саяси және экономикалық орталық болды. 1598 жылы ол біржолата Қазақ хандығының астанасы деп танылды. Бүгінде Түркістан қаласындағы Қожа Ахмед Иассауи кесенесінде қазақ хандары жерленген. Сондықтан да биылғы Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында Түркістан қаласының маңызы өте зор.
Қаланың тарихи туризм әлеуеті зор
Түркістан қаласының тарихи туризмінің басты нысаны ретінде 1991 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Республикалық музей ретінде құрылған «Мемлекеттік тарихи-мәдени Әзірет Сұлтан қорық музейін» айтуға болады. Тарихи музей қорына Қазақ хандарының зираттары, ұлы астроном, ғалым Ұлықбектің қызы Рәбия Сұлтан Бегім мазары, ортағасырлық «Шығыс моншалары», Жер асты мешіті, т. б тарихи нысандарды жатқызуға болады. Ескі Күлтөбе қаласы, ортағасырлық Түркістан қалаларының қазіргі орны, қала басындағы тарихи музейлер мен тарихи мәдени орталықтар – туристерді өзіне шақыра алатын нысандар. Саяхат сапары Күлтөбе қаласынан бастау алады. Өйткені Күлтөбе – қазіргі Түркістан қаласының ескі орны. Бүгінгі таңда ескі қаланың жоғарғы қабатының тарихи белгілері бұзылған. Бірақ саяхаттаушы туристерге ескі қала орны ерекше қызығушылық тудыратыны анық. Сондай-ақ Күлтөбеден Түркістан қаласының 1500 жылдық тарихын дәлелдейтін деректер табылған.
Тағы бір қала орны – ортағасырлық Түркістан қаласы. Бұл төңіректе ертеден шахристан, рабаттар, шағын сауда ошақтары орналасқан. Қаланың солтүстік және батыс бөлігінде мұнара мен қабырға қалдықтары салынған. Қаланы айналдыра қоршаған қабырғаның ұзындығы 3 шақырымға жуық. Стратиграфиялық зерттеулер бойынша қала цитаделі Монғол шапқыншылығынан кейін қалыптасып, XV-XVI ғасырларда кесененің батыс жағында шахристан пайда болған.
Күлтөбе қаласынан 350 м қашықтықта орналасқан Қожа Ахмет Иасауи кесенесі – Түркістанның басты салтанаты. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің, XII ғасырда өмір сүрген ұлы ақын, сопы Қожа Ахмет Иассауидің бейітінің үстінен салынған. Бұл ғимаратты атақты қолбасшы Әмір Темір салдырған. Бұл ғимарат – өз заманындағы сәулет өнерінің барлық жетістіктерін бойына жинаған құрылыстарының бірі. Бүгінде күрделі жөндеуден өткен тарихи нысан жылына мыңдаған туристі тартып, өзі қызықтыруда. Қожа Ахмет Иасауи кесенесі – ЮНЕСКО-ның мұралары тізіміне енген ескерткіш.
Есімхан кесенесі. Тәуекелден кейін тарих сахнасына 1598 жылы Есім хан шығады. Ол бұдан бұрын да ағасы Тәуекел ханның қолбасшысы ретінде талай шайқастарға катысып, «Еңсегей бойлы Ер Есім» атанған еді. Сол Шығай ханның ұлы Есім хан жерленген кесене. Құрылыстың сағана бөлігі сақталған. Архитектуралық, археологиялық зерттеулерге қарағанда бұл құрылыс XVII ғасырда салынған.
Рабия Сұлтан бегім кесенесі. Рабия Сұлтан бегім кесенесі жобасында төртбұрышты. Ол ішкі сегіз қырлы және 4 төртбұрышты бөлмелерден тұрады. Бұл құрылыс туралы алғашқы деректер XVI ғасырдан бастап кездеседі. Рабия Сұлтан бегім Ұлықбектің қызы, Әмір Темір көрегеннің немересі, көшпенді өзбектердің ханы Әбілқайырдың әйелі болған.
Қылует жер асты мешіті (XII-XIX ғасырлар). Қылует жер асты мешіті Ахмет Ясауи кесенесінен оңтүстікте, 150 м жерде орналасқан. Қылует жер асты мешітінің салынуы Ахмет Иасауи есімімен байланысты. XII-XIX ғасырлар аралығында салынған құрылысты XX ғасырдың 40 жылдарында толығымен бұзып қыштарын зауыт салуға қолданған. Археологиялық архитектуралық зерттеулермен 1941 жылы жасалынған макетке сүйене отырып Қылует жер асты мешіті толығымен қалпына келтірілген.
Ортағасырлық монша (XVI ғасыр). Ортағасырлық шығыс моншасы Ахмет Иасауи кесенесінен оңтүстік шығыста, 150 м жерде орналасқан, жеті бөлмеден тұрады. Монша 1978 жылға дейін жұмыс істеп келген, 1979 жылдан бастап оның негізінде Шығыс моншасы музейі ашылған. Құмшықата жер асты мешіті (ХІІ ғасыр). Ахмет Иасауи кесенесінен оңтүстік-шығыста, 1 шақырым жерде орналасқан. Жер асты мешіті сопыларлың діни-ғұрыптық құрылыстары қатарына жатады. Күйдірілген қышпен салынған.
ЮНЕСКО мойындаған - Түркістан
Түркістан қаласындағы мәдени-тарихи нысандарды дамыту бағытындағы саяхаттың ендігі мақсаты музейлер мен мәдени орталықтарда жалғаспақ. Мұндай нысан қатарына алдымен осыдан 5 жыл бұрын ашылған «Түркістан тарихи-мәдени этнографиялық орталығын» айтуымызға болады. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында ашылған орталықта ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіліп, орталық қорындағы тарихи жәдігерлер қоры туристерге көрсетіледі.
Түркістан тарихи музейі. Қаладағы ХІХ ғасырда әскери казарма болған ғимаратты күрделі жөндеуден өткізіп, тарихи музейге айналдырды. Түркістан тарихи музейінің экспозициясы 8 бөлімнен тұрады: Тас, қола және ерте темір ескерткіштері, түркі кезеңіндегі Түркістан оазисі, Шауғар қаласы, Ясы қаласы, Қожа Ахмет Иасауи – «Түркістан пірі», Ескі Түркістан қаласы, Түркістан – Қазақ хандығының астанасы, Түркістан – түркі дүниесінің рухани орталығы. Қазақстанның тарихи туризм ошағы саналатын Түркістанның туристерді тартуға әлеуеті зор. Тек қана тарихи туризм аясында ғана емес, әлеуметтік мәдени, саяхаттау мақсатында, этнотуризм аясында туристерді тарта алады.
Түркістан қаласының тарихи-мәдени туризмінің дамуына үкімет мейлінше мол назар аудара бастады. Бұл дегеніміз – туризм арқылы тек табыс алып келу ғана емес, Түркістандай киелі жерді әлемге танытып, паш ету. Ендеше, тарихы тереңде жатқан Түркістан шаһары – Қазақстандағы тарихи туризмнің басты жобасы әрі ЮНЕСКО мойындаған тарихи орын.
Түркістан – қазақ халқының тарихы мен руханияты тоғысқан, ұлттық мәдениеттің қалыптасуында айрықша орны бар қасиетті өңір. Ұлы дала өркениетінің талай тарихи кезеңіне куә болған бұл өлке ғасырлар бойы елдің саяси, рухани және мәдени өмірінде маңызды рөл атқарып келеді. Түркістанның әрбір тарихи ескерткіші, көне қаласы мен қасиетті мекені халқымыздың өткенінен сыр шертеді. Сондықтан өңірдің тарихи-мәдени мұрасын сақтау, зерттеу және оны кейінгі ұрпаққа жеткізу – бүгінгі қоғамның маңызды міндеттерінің бірі.
Түркістан қаласының тарихы Ұлы Жібек жолы дәуірімен, ортағасырлық қалалар мәдениетімен және Қазақ хандығының қалыптасу кезеңдерімен тығыз байланысты. Ежелден бұл аймақ сауда мен қолөнердің, ғылым мен білімнің, дін мен мәдениеттің маңызды орталықтарының бірі болған. Түркістанның тарихи маңызы әсіресе Қазақ хандығы дәуірінде арта түсті. Қасиетті қала қазақ хандары мен сұлтандарының саяси және рухани орталығына айналып, ел тағдырын шешкен маңызды тарихи оқиғалардың куәсі болды.
Түркістанның тарихи-мәдени келбетін айқындайтын ең басты нысандардың бірі – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі. Ортағасырлық сәулет өнерінің бірегей үлгісі саналатын бұл тарихи ескерткіш қазақ халқының рухани өмірінде ерекше орын алады. Қожа Ахмет Ясауидің ілімі адамгершілік, имандылық, әділдік, сабырлылық және ізгілік сияқты құндылықтарды дәріптейді. Осы тұрғыдан алғанда, Ясауи мұрасы – тек діни немесе тарихи мұра ғана емес, қазіргі қоғам үшін де тәрбиелік мәні зор рухани қазына.
Түркістан өңірінің тарихи мұрасы бір ғана қаламен шектелмейді. Облыс аумағында көне қалалар мен археологиялық ескерткіштер, кесенелер, тарихи орындар мен киелі мекендер көптеп кездеседі. Отырар, Сауран, Сайрам сияқты тарихи қалалар қазақ жеріндегі өркениеттің терең тамыры бар екенін көрсетеді. Бұл қалалар кезінде сауда-саттықтың, ғылым мен мәдениеттің дамуына үлкен үлес қосқан. Отырардан шыққан ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фараби әлемдік ғылым мен философия тарихында өзіндік із қалдырса, Сайрам мен Түркістаннан бастау алған рухани дәстүрлер қазақ даласының мәдени дамуына ықпал етті.
Отырардың тарихы – халқымыздың өркениеттік деңгейін көрсететін маңызды дереккөздердің бірі. Қала Ұлы Жібек жолы бойындағы ірі мәдени және экономикалық орталықтардың бірі болған. Археологиялық зерттеулер барысында табылған көне жәдігерлер сол кезеңдегі халықтың тұрмыс-тіршілігі, қолөнері, саудасы мен мәдениеті туралы мол ақпарат береді. Отырардың тарихын жас ұрпаққа таныстыру арқылы олардың туған жерге деген құрметін арттыруға және тарихи санасын қалыптастыруға болады.
Сауран қалашығы да Түркістан өңірінің тарихи байлығын айшықтайтын маңызды нысандардың бірі. Орта ғасырларда Сауран ірі сауда және мәдени орталық ретінде танылған. Қаланың қорғаныс жүйесі, сәулеттік құрылыстары мен археологиялық орындары сол дәуірдегі өркениеттің жоғары деңгейін аңғартады. Бүгінде Сауранның тарихи мұрасын зерттеу мен насихаттау өңірдің туристік әлеуетін арттырумен қатар, ұлттық тарихты кеңінен танытуға мүмкіндік береді.
Тарихи мұраны насихаттаудың маңыздылығы сонда – оны заманауи ақпараттық құралдар арқылы халыққа жеткізу. Қазіргі таңда жастардың ақпаратты әлеуметтік желілерден, интернет-платформалардан және цифрлық ресурстардан алатыны белгілі. Сондықтан тарихи орындар туралы мазмұнды әрі сапалы ақпаратты мемлекеттік тілде тарату аса маңызды. Қысқа бейнероликтер, деректі фильмдер, тарихи-танымдық мақалалар, подкасттар, инфографикалар мен әлеуметтік желідегі арнайы жобалар арқылы Түркістанның тарихын жаңа форматта насихаттауға болады. Түркістан өңірінің тарихи-мәдени мұрасын насихаттау ел тарихын дәріптеумен қатар, ұлттық бірегейлікті нығайтуға ықпал етеді. Өз тарихын білген ұрпақ өзінің кім екенін, қандай мәдениеттің өкілі екенін тереңірек түсінеді. Тарихи сананың қалыптасуы – патриоттық тәрбиенің маңызды бөлігі. Сондықтан туған жердің тарихын білу, тарихи ескерткіштерді құрметтеу және мәдени мұраға жауапкершілікпен қарау әр азаматтың міндеті болуы тиіс.
Бұл бағытта білім беру саласының да атқаратын рөлі зор. Мектептер мен жоғары оқу орындарында өлкетану бағытындағы сабақтар мен жобаларды көбейту, оқушылардың тарихи орындарға танымдық сапарларын ұйымдастыру, ғылыми-зерттеу жұмыстарын қолдау маңызды. Жастардың өз өлкесінің тарихын зерттеуге қызығушылығын арттыру үшін тарихи-танымдық байқаулар, эссе конкурстары, экспедициялар мен пікірталас алаңдарын ұйымдастыруға болады.Тарихи мұраны сақтау мәселесі де назардан тыс қалмауы керек. Ескерткіштерді қорғау, археологиялық зерттеулер жүргізу, тарихи нысандарды қалпына келтіру және олардың түпкі болмысын сақтау – ұрпақ алдындағы жауапкершілік. Себебі тарихи ескерткіштер – өткеннің үнсіз куәгерлері ғана емес, келешек ұрпаққа қалдырылатын ұлттық мұра. Оларды сақтау арқылы біз өз тарихымызды сақтаймыз.
Сонымен бірге тарихи-мәдени мұраның өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына да ықпалы бар. Түркістанға келетін ішкі және сыртқы туристер санының артуы қонақүй, қоғамдық тамақтану, көлік, сауда, қолөнер және қызмет көрсету салаларының дамуына мүмкіндік береді. Тарихи орындардың айналасында ұлттық қолөнер бұйымдарын, ұлттық киімдерді және дәстүрлі мәдениет элементтерін таныстыратын орталықтардың жұмыс істеуі жергілікті кәсіпкерлікті дамытуға жол ашады. Түркістанның тарихи мұрасын насихаттау ұлттық мәдениеттің басқа да элементтерімен сабақтас болуы тиіс. Тарихи орындармен қатар қазақтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, ұлттық тағамдары, қолөнері, ұлттық ойындары мен дәстүрлі өнері де кеңінен таныстырылғаны жөн. Өйткені тарихи мұра мен ұлттық мәдениет бір-бірінен ажырамайды. Олар халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан болмысын, дүниетанымын және өмір салтын көрсетеді.
Бүгінгі Түркістан – тарих пен жаңашылдықты ұштастырған өңір. Бір жағынан, мұнда ғасырлар қойнауынан жеткен тарихи ескерткіштер мен мәдени мұра сақталса, екінші жағынан, заманауи инфрақұрылым мен жаңа экономикалық жобалар жүзеге асуда. Осы екі бағыттың үйлесуі Түркістанның тарихи-мәдени және туристік әлеуетін одан әрі арттыруға мүмкіндік береді.Ел тарихын насихаттау – тек өткенді еске алу емес. Ол бүгінгі қоғамның тарихи санасын қалыптастырып, болашаққа бағыт береді. Түркістанның тарихын кеңінен таныту арқылы жас ұрпаққа туған жердің қадірін, ата-баба мұрасын және ұлттық құндылықтарды түсіндіруге болады. Тарихты білу – өткенге тағзым ғана емес, ел болашағына деген жауапкершілікті сезіну.
Түркістан өңірінің тарихи-мәдени мұрасы – қазақ халқының баға жетпес рухани қазынасы. Оны сақтау, зерттеу және мемлекеттік тілде кеңінен насихаттау – ұлттық құндылықтарды дәріптеудің маңызды бағыты. Тарихи ескерткіштер мен киелі орындарды қорғау, жастардың өлке тарихына қызығушылығын арттыру, цифрлық ақпараттық ресурстарды тиімді пайдалану және тарихи-мәдени туризмді дамыту арқылы Түркістанның тарихи мұрасын жаңа деңгейде танытуға болады.Түркістанның әрбір тарихи нысаны – ел тарихының бір бөлшегі. Ал сол тарихты білу және оны кейінгі ұрпаққа жеткізу – баршаға ортақ міндет. Өйткені тарихи жадысы берік, рухани құндылықтарын құрметтейтін ұрпақ қана елдің болашағын нық қалыптастыра алады.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат