Атап айтқанда, аудан орталығы Ақсукентте 33 көше, Ақбұлақ, Қарасу және Манкент ауылдарында екі көшеден жалпы 6 көше, Қарамұрт елдімекенінде 3, Жібек жолыда 2 көше жөнделуде.
Қазіргі таңда, Сайрам ауданынан өтетін облыстық маңызы бар бірқатар автомобиль жолдары облыстық коммуналдық меншіктен аудан қарамағына қабылданып, аталған жолдарға құжаттамаларды әзірлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, ауыл әкімдіктері есебінен қаралған 155,5 мың теңгеге Ақсукент, Қарасу, Қарабұлақ, Манкент ауылдарында ұзақтығы 13,5 шақырым болатын 21 көше орташа жөндеуден өткізілді.
Бұдан өзге, аудан көлеміндегі апатты жағдайдағы 3 көпірге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге аудандық бюджет есебінен жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ағымдағы жылы толық пайдалануға берілді.
«AQ-QARA.KZ» – ақпарат»