Нәтижесінде 662 азамат жұмысқа орналасқан. Солардың бірі Дербісек ауыл округінің тұрғыны – Юлдуз Акимбаева. Ол атаулы әлеуметтік көмек алып, ағымдағы жылдың маусым айында ЖК «Lara» оқу орталығына 3 айлық қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жолдама алған. Юлдуз Акимбаева өзі таңдаған «тырнақ өңдеу шебері» мамандығын меңгеріп, оқуды аяқтағаннан соң өзі тұратын ауылда ашылған «Сая» сұлулық салонына жұмысқа орналасып, бүгінгі таңда мамандығы бойынша жұмыс істеуде. Және де аталмыш азаматша «Еңбек нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасында» бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грантқа үміткер ретінде құжатын тапсырды.
Сарыағаш ауданы тұрғындары атаулы әлеуметтік көмектің мақсаты- мемлекетіміздің бізге беріп отырған орасан зор мүмкіндіктерін тиімді, ұтымды пайдаланып, табыс көзін арттырып, сонымен қатар кедейшіліктен арылуға,әр азаматтың екі қолға бір күрек тауып, кәсібін ашып, отбасын оңалту болып табылатынын жақсы түсінеді.
«AQ-QARA.KZ» – ақпарат»