Сайысқа аудандық «Ешан ата» мешіті ұжымы және жамағаты, сондай-ақ №13 колледж ұжымы және Келес аудандық жастар ресурсттық орталығы мамандары топ болып командаға бөлініп сайысқа түсті. Сайыстың ашылу рәсімінде сөз алған аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Д.Илесов жиналғандарды «Рухани келісім» күнімен шын жүректен құттықтап, мемлекетіміздің басты стратегиялық бағыты – рухани келісім мен татулықты сақтау болып табылатындығын, бұл мереке ең алдымен ауданды ауызбіршілікке, татулыққа, ізгілікке бастайтын мереке екенін айтты. Сондай-ақ, еліміздің болашағы үшін сыйластықты сақтай отырып жұмыс жасау керек екенінін атап өтті.
Мерекелік іс-шарада ауданық «Ешан ата» мешітінің имамы А.Садиковте жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, күнтізбемізге 18 қазанның Рухани келісім күні ретінде енуі – қазақ топырағына бейбітшілік орнатып, тұрақты қоғам құру идеясынан туған үлкен бастама екенін тілге тиеп өтті. Жалпы сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаз командаға арнайы кубок табысталып, сайысқа қатысқан азаматтар алғыс хаттармен марапатталды.
«AQ-QARA.KZ» – ақпарат»