Четверг, 25 Октябрь 2018 06:11

ҚР Мәжіліс депутаты Фахриддин Қаратаев Шардараға келіп, тұрғындармен жүздесті

Апта басында ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі Фахриддин Қаратаев Шардараға арнайы іссапармен келіп, халықпен жүздесті.

Жиынды жүргізіп отырған аудан әкімі Болатбек Қыстауов халық қалаулысының ауданға келгендегі мақсаты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын насихаттау және түсіндіру бойынша келгенін айтып өтіп, сөз кезегін Фахриддин Әбдінәбиұлына берді.

–Елбасымыз осымен 22-ші мәрте халыққа Жолдау жариялап отыр. Нұрсұлтан Әбішұлының әрбір Жолдауын ел ықыласпен қабылдап, қолдау көрсетіп келеді. Биылғы Жолдау да халықтың көкейіндігісін дөп басқан, аты айтып тұрғанындай, әлеуметтік салаға арналған, елдің тұрмысын түзеп, табысын арттыруға бағытталған ерекше маңызға ие құжат болды, - деген Мәжіліс депутаты Жолдауда айтылған басым бағыттардың әрқайсысына тоқталып, жан-жақты түсіндіріп берді.

Жарыссөзге шыққан аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Тоқсанбай Бердібеков, аудан жастары атынан сөйлеген Елмырза Базарбай, қалалық қоғамдастық төрағасы Қыстау Ілесов шардаралықтар Елбасы Жолдауында айтылған міндеттер мен басым бағыттарды әруақытта да басшылыққа ала отырып, сөзбен ғана емес, нақты істерімен де қолдау көрсететіндерін жеткізді.

«AQ-QARA.KZ» – ақпарат»

Read 843 times