Кездесуде Шымкент қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының бөлім басшысы Гүлнәр Әшірбаева мемлекеттің тұрғын үй саясатын және "7-20-25" бағдарламасының тиімді тұстарын, ереже-шарттарын толық баяндап берді. «Алдағы уақытта баспана кезегінде тұрғандар үшін санаттар қысқаруы мүмкін. Бәріңізді тұрғын үйге кезегіне тұруға шақырамын. Үкімет сіздерге зор мүмкіндік ұсынып отыр», - деді Гүлнәр Құдайбергенқызы.
Өз кезегінде тұрғындар да сауалдарын қойды. Мемлекеттік қызметкерлер, медицина және білім саласының қызметкерлері негізінен төлем қабілеттілігі, тұрғын үйлердің сапасы, несие тарихына қатысты мәселелерді талқылады. Айта кетсек, "7-20-25" бағдарламасы бойынша Шымкентте тұрғындарғы 7 банк тұрғындарға қызмет көрсетуде. Ал Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі несиелерді 1 желтоқсаннан бастап бере бастайды деп күтілуде.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»