Понедельник, 01 Июль 2019 13:40

Түркістан облысы: Төлеби ауданының әкімі халықтың талап-тілегіне құлақ түрді

Бүгін Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Жеке қабылдауға келген азаматтардың 5-і тұрғын үй кезегіне қатысты сұрақтарын қойса, 1 тұрғын көшет егу кәсібін ұлғайту мәселесін көтерді. 

Б.Омарбеков үй мәселесін айтып келген азаматтарға тұрғын үй қатынастары туралы заңының шеңберінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатарағаш егумен айналысатын кәсіпкердің көтерген ұсыныс-пікірінің заңдылығын қарауды ауылшаруашылығы саласына жауапты аудан әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаевқа тапсырды. 

Естеріңізге сала кетейік, жұмыс кестесіне сәйкес, алдын ала жазылу бойынша әр аптаның дүйсенбі күні сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды. Қабылдау барысында тұрғындар аудан басшысына өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, олардың шешу жолдарын бірге табуға мүмкіндік ала алады. Алдын ала жазылуды Төлеби ауданы әкімі аппаратының әкімшілік және құжаттандыруды қамтамасыз ету бөлімінің бас инспекторы Хайтметова Камиля Заманқызы жүргізеді. Қосымша ақпарат алу үшін 8(72547) 6-13-70 нөміріне хабарласуға болады.

«AQ-QARA.kz»-ақпарат.

Read 955 times