Четверг, 04 Июль 2019 05:39

Түркістан облысы: Түлкібас ауданында 62 шақырымнан астам жол жөнделеді

Түлкібас аудан әкімі Нұрбол Тұрашбеков елдімекендердегі орташа жөндеуден өткен біршама көшелерді аралап, сапасын тексерді. 

Атап айтсақ, аудан орталығындағы 1,1 шақырымды құрайтын Жемісті көшесі, Түлкібас кентіндегі 2,7 шақырымды құрайтын Шевцов көшесі және Майтөбе ауылындағы жалпы ұзындығы 2,2 шақырымды құрайтын Рысқұлов пен Момышұлы көшелері. Биылаудан бойынша жалпы ұзындығы 62,3 шақырым 41 жолға күрделі және орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде, 15,2 шақырым 5 жолға күрделі жөндеу жұмыстары, 47,1 шақырым 36 жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі таңда аталмыш жолдардың 27 шақырымы жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді. Жалпы, жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың тамыз-қыркүйек айларында аяқталып, пайдалануға берілмек. Осы жұмыстар атқарылған соң аудандық маңызы бар жолдардың жақсы және қанағатты жағдайы 84,2 пайызға, елдімекен көшелері 85,1 пайызға артпақ.

Сонымен қатарауылдардың ішкі көшелерінің бойынан жаяу жүргіншілерге арналаған аяқжолдар көптеп салыну үстінде.

«AQ-QARA.kz»-ақпарат.

Read 836 times