«Алаңдауға негіз жоқ. Территорияны тазалау жұмыстары жүріп жатыр. Қауіпсіздікті сақтау тұрғысында барлық шаралар жасалуда. Әскери өрт сөндірушілердің күшімен өрт ошағы сөндірілді», - деді ол. Сондай-ақ Бақыт Жанұзақұлы жергілікті тұрғындарды алаңдамауға шақырды.
Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрғали Жүнісов қаладағы төтенше жағдайдың тұрақты екенін айтты. «Арыс қаласында өрт қауіпсіздігі бойынша жағдай қалыпты. Азамат қорғау органдары қызметкерлінен 80 адам, 21 техника жұмыс істеуде. 9 өрт сөндіру автокөлігі мен 45 өрт сөндіруші Қорғаныс министрлігінің қызметкерлерімен бірлесіп жұмыс атқаруда», - дейді Н.Жүнісов.
Облыстық аурухананың бас дәрігері Марат Пашимов 17 аумаққа бөлінген Арыс қаласында жедел-жәрдем қызметі жүйелі жұмыс істеп жатқандығын жеткізді.
Брифинг барысында мамандар көшелерден, үйлерден оқ-дәрі қалдықтары табылған жағдайда қолмен ұстауға болмайтындығы ескертіп, бірден 102 немесе 119 нөмеріне хабарласу қажеттігін айтты.
«AQ-QARA.kz»-ақпарат.