Вторник, 13 Август 2019 04:09

Түркістан қаласындағы бағдаршамды өзіңіз басқара аласыз

Түркістан қаласындағы Сұлтанбек Қожанов көшесінің бойында, орталық Есім хан алаңының жанында бағдаршам және шақыру панелімен жабдықталған жаяу жүргіншілер жолы орнатылды. Енді жолдың келесі бетіне өту үшін бар болғаны бағдаршам жанындағы тақтаға алақанды тигізіп, жасыл белгіні күтіңіз. Жолдан еш қиындықсыз өте аласыз. 

Атап өтер жайт, Түркістан қаласында бас-аяғы 27 бағдаршам нысаны бар. Ескі типтегі 27 бағдаршамның 15-і жаңасына ауыстырылса, оған қосымша 5 жаңа бағдаршам орнатылады. Сонымен қатар тағы 5 жаңа бардаршам орнату мақсатында бүгінгі таңда мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Яғни 27 бағдаршамның 70 пайызы жаңартылады. Жалпы, жергілікті билік өкілдерінің сөзіне сенсек, алдағы уақытта қала көлеміндегі бағдаршамдардың саны 37-ге өспек. Түркістан қаласы әкімдігі бұл ретте «Біздің мақсат — сіздің жайлылығыңыз!» деген ұранмен еңбек етіп жатқанын атап өткен орынды.

«AQ-QARA.kz»-ақпарат.

Read 893 times