Шардарада осы жылға жоспарланған және өтпелі құрылыстың барлығы дерлік кестеге сай тыңғылықты жүргізіліп жатыр. Қазір екі мектеп, екі көпқабатты үй салынып, инфрақұрылымдар жаңару үстінде. Әл-Фараби көшесіндегі көпқабатты үй құрылысының 30 пайызы біткен.
«Білім ошақтарындағы жағдай да көңіл көншітерлік. 300 орынға лайықталған Амангелді Иманов атындағы мектептің құрылысы өткен жылы басталған. Қазір құрылыстың 40-50 пайызы біткен. Құрылысшылар сапаға мән беріп, күні-түні тынбай еңбек етуде» дейді Шардара аудандық құрлыс бөлімінің басшысы Ұлан Бейсенбиев.
Жергілікті қазына қаражатына салынып жатқан Ыбырай Алтынсарин мектебі қыркүйекте тапсырылады. 60 орындық бастауыш мектебіндегі негізгі жұмыс аяқталған.
Шардара ауданы бойынша жыл басынан бері 10-ға тарта әлеуметтік нысан пайдалануға берілген. Қазір халық мұқтаждығына орай, құрлыс жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылуда.
«AQ-QARA.kz»-ақпарат.