Понедельник, 14 Октябрь 2019 05:26

Шымкент: Қала әкімі құс етіне әлеуметтің сұранысы артып отырғанын айтты

Жарты ғасырдан астам уақыт Оңтүстік халқын сапалы жұмыртқалармен қамтамасыз етіп келетін «Шымкент құс» фабрикасының жұмысымен қала әкімі Ерлан Айтаханов арнайы барып танысты. 

Бүгінде елімізде құс етіне деген сұраныстың артып отырғанына тоқталған қала басшысы Қазақстан нарығындағы құс өнімдерінің жартысы сырттан жеткізілетінін, сол себепті импортқа тәуелділікті барынша қысқартып, отандық өнімдерге деген сұранысты арттыру керегін тілге тиек етті.

Аталмыш кәсіпорын Шымкент қаласындағы бройлерлік бағыттағы бірден-бір құс фабрикасы болып табылады. Сағатына екі мың бас, жылына 2000 тонна бройлер етін шығаратын цех Ресейдің озық технологиясымен жабдықталған. Бүгінде «Шымкент құс» фабрикасында 563 мың бас құс өсірілсе, жылына 100 млн. дана жұмыртқа өндіріледі. Кәсіпорында жұмыртқа жинау және сорттау процесстері автоматтандырылған жүйеде жұмыс істейді. Фабрикада 300-ден астам адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 666 times