Понедельник, 21 Октябрь 2019 12:47

Шымкент: Бадам өзенінің үстіндегі көпірдің құрылысы аяқталды

«Қорғас-Алматы-Шымкент-Өзбекстан Республикасының шекарасы» А2 автожолының Бадам өзенінің үстіндегі көпірдің бір бөлігінің құрылысы аяқталды. Мердігерлер «Санаулы күнде осы көпірдің үстінен көлік қатынасы жанданады»- деп мәлімдеді

«Қорғас» кеден бекетінен Өзбекстан шекарасына дейін баратын жолды жалғайтын өткелдің ұзындығы 144, ені 28 метр. Соның тең жартысының құрылысы аяқталды. Нысан қолданысқа берілгеннен кейін 50 жыл бұрын салынып, бүгінде апатты деп танылған ескі көпір бұзылып, оның орнына тап осындай өткелдің екінші бөлігі пайда болады. Құрылыстың жалпы құны: 1 млрд. 800 млн. теңге.

Тапсырыс беруші тараптың жоспары бойынша көпір құрылысы толығымен 2020 жылдың қазан айында аяқталуы тиіс. Бұған қоса А2 республикалық маңызы бар жол да қайта құрудан өткізіліп жатыр. Жол жөндеу жұмысы 7 кезеңге бөлініпті. «Бұл көпір соның бір бөлігі», - дейді жауаптылар.

Бүгінгі таңда Шымкент қаласында 5 көпірдің құрылысы жүріп жатыр. Оның төртеуі Бадам өзенінің үстінен өтеді. Барлық нысан іске қосылса, Ташкент бағытындағы жолдың өткізу қабілеті артады.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 787 times