Шымкентте қазіргі таңда тазалық жұмыстарымен айналысатын 4 мекеме бар: “ЛТД Тұрмыс”, “Югдорсервис”, “Бəйтерек ЛБ” жəне “Нұртас сервис”. Техникалардың жалпы саны – 151. Оның ішінде сүргіштер, грейдерлер, жүкті өзі аударатын көліктер, бульдозерлер және т.б. техникалар бар. Жауапты мамандар осы техникалардың көмегімен шаһардағы жалпы ұзындығы 1292 шақырымдық 225 көшені тазалайды. Ал жұмысшылар саны – 1197.
Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Н.Дербісовтың айтуынша, қыста төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында дайындық жоғары дәрежеде пысықталып отыр. Бұл ретте арнайы техникалардың жарамдылығы мен техникалық жағдайын анықтауға талап күшейген. Энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасының басшысы Әли Алтайдың сөзіне сенсек, шаһарда қысқы маусымға дайындық жұмыстары кесте бойынша іске асырылып жатыр екен.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.