Четверг, 07 Ноябрь 2019 13:26

Шымкент: Қаратау ауданы әкімдігі азық-түлік бағасын шарықтатпауға күш салып отыр

Бұл туралы 10 айда атқарылған жұмыстарын баяндаған Қаратау ауданының әкімі Абзал Әліқұлов айтты. Әсіресе, нан бағасын тұрақты ұстауға аудан билігі ерекше назар аударған

«Аудан аумағында көтерілген факторлар болды 75 теңгеге дейінАлайда  дүкендерге арнайы барып, 5 теңгеден асырмау жөнінде ескерттікСонымен қатар наубайханаларға ұнды тұрақты жеткізуді де реттедік» - дейді АбзалӘліқұлов.

Баспасөз брифингінде әлеуметтік көмек көрсеткіші де баяндалды. Жыл басынан бері Қаратау ауданы әкімдігіне 26332 отбасы көмек сұрап, құжат тапсырған екен. Олардың 23541-не оң қорытынды шыққан. Жиын барысында аудандағы санитарлық талаптардың бұзылуы мен жаңа шағынаудандардағы жолаушылар көлігі қатынасы мәселелері, тіпті көше-көшені кезіп, адамдарға қауіп төндіретін қаңғыбас иттер жайлы да сұрақтар қойылды. Аудан басшысы ол салалар бойынша да тиісті шаралар жүргізіп жатқанын жеткізді. 

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 919 times