Четверг, 14 Ноябрь 2019 15:26

Түркістан облысы: Түлкібас ауданында 2020 жылдан бастап іске асырылатын атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдері түсіндірілді

Бүгін Түлкібас ауданына Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Асия Темірбаева бастаған ақпараттық-насихаттық топ келіп, 2020 жылдан бастап іске асырылатын атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдері, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған «Әлеуметтік қызметтер порталы» бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 

Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Е.Күзембаев, ауылдық округ, кент әкімдері, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен жұмыспен қамту орталығының басшысы мен мамандары, аудандағы мүгедектер қоғамдық бірлестіктері мен үкіметтік емес ұйым өкілдері, Халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы мен жауапты мамандары, дербес бөлім басшылары мен мамандары қатысты. Жиын барысында басқарма басшысы Асия Құралқызы күн тәртібіндегі мәселе бойынша кеңінен баяндама жасап, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 750 times