Среда, 06 Июнь 2018 10:01

«Бекжан» базары маңындағы жолайырық қараша айында пайдалануға беріледі

Шымкент қаласындағы «Бекжан» базары маңында салынып жатқан Алматы-Ташкент бағытындағы Темірлан тас жолы жолайрығының құрылыс жұмыстары 80 пайызға аяқталыпты.  Құрылыс жұмыстары былтыр, яғни 2017 жылы басталған болатын. Құрылысшылар Құдай қаласа қараша айнының алғашқы күндері пайдалануға беруді жоспарлап отыр екен.

Жоба толығымен іске қосылғанда, Ташкент, Түркістан, Алматы бағытындағы жол қатынасы реттеліп, көлік кептелісі түбегейлі шешілмек.Ал, әзірге көлік жүргізушілеріне қараша айына дейін шыдай тұруға тура келеді. Бұған дейін құрылыс жүргізіп жатқан компанияның өкілдері құрылыс жұмыстарын мерзімінен бұрын – тамыз айына дейін бітіреміз деген-ді. Тіпті, уәде де берген болатын. Алайда, ол мерзімде бітіру мүмкін болмай қалса керек. Мердігер мекеме өкілдері бекітілген мерзімнен бұрын тапсыра алмайтындарын айтуда. Не болса да, нысанды жоспарда бекітілген мерзімде пайдалануға берсе болғаны дейді қала тұрғындары.

Елдегі үшінші мегаполис атанып отырған алып шаһарға осындай жолайырықтар керек екені айтпаса да түсінікті. Осы мақсатта қала билігі бұдан өзге 6 жолайырық салуды көздеп отыр. Бұлардың бәрі салынып, іс жүзеге асырылып жатса, Шымкентте көлік кептелісі мәселесінен әжептәуір шешіліп қалары сөзсіз.

 

«AQ-QARA.KZ  - ақпарат»

 

Read 1342 times