Көпқабатты үйлер шоғыры орналасқан «Нұрсәт» шағынауданында тұрғындармен терезелерден құлауға жол бермеу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Нұржан Қаракөзев жиналған ата-аналарға Солтүстік ауданында тіркелген қайғылы оқиға туралы айтып берді. Сонымен қатар, ол жазатайым оқиғада, яғни, үш жасар қыз құлаған кезде ата-анасы үйінде болғанын айтып өтті.
Шағынауданның тұрғындарына төтеншеліктер балаларды қалай қорғау керектігін түсіндірді. Олардың айтуынша, кішкентай балаларды жалғыз қалдырмау керек. Балаларды терезе үстіне көтеріле алмайтындай етіп, барлық жиһаздарды терезенің жанынан алып тастап, терезе торларынан алыс ұстаған жөн. Нұрлыбек Қаракөзев терезедегі маса, шыбыннан қорғайтын торларға ерекше тоқталды, ол торлардың балаларды құлаудан сақтамайтынын, көбіне балалар торлармен бірге құлайтынын айтты.
Үгіт-насихат кезінде суға тұншығып қалмау мәселесі де қамтылды. Балалар мен олардың ата-аналарына ересектердің қадағалауынсыз бассейндерде шомылу өте қауіпті екенін түсіндірді. Төтенше жағдайлар қызметкерлері суға түскенде нені есте сақтау керектігін тәптіштеп айтып берді.
«AQ-QARA.KZ - ақпарат»