Шымкент қаласының Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандарының көші-қон қызметтерінің қызметкерлері бір терезе қағидаты бойынша жұмыс істейтін орталықта қажетті жиһазбен толық қамтамасыз етілген күту залы, қабылдау және терминал бар.Сонымен қатар, осы орталықта еңбек мигранттарына екінші деңгейдегі банктердің қызметкерлері, «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясының, медициналық және салық органдарының аймақтық филиалдары қызмет көрсетеді.
Жаңадан ашылған Орталық Шымкент қаласы, Нұрсәт шағынауданы, Бәйтереков көшесі 89 мекенжайында орналасқан. Жұмыс уақыты таңғы сағат 9-дан кешкі 18.30-ға дейін. Түскі үзіліс жоқ.
Анықтама үшін айта кетсек, 2014-2017 жылдар аралығында облыста ТМД елдерінен келген 178 мың 253 шетел азаматының еңбегі заңдастырылыпты. Еңбек мигранттарының қызметінен бюджетке 971 миллион 166 мың 434 теңге жеке табыс салығы түскен. Ағымдағы жылы 5 айда 32 мың 300 шетелдіктер заңдастырылып, бюджетке 216 млн. 198 мың 722 теңге түсіпті.
«AQ-QARA.KZ - ақпарат»