Бүгінгі таңда Шымкент қаласында биыл екінші жыл қолға алынған бүлдіршіндерді балабақшаға электронды түрде қабылдау тәсілі жоғары дәрежеде жүзеге асырылып жатыр. Миллион тұрғыны бар шаһарда 459 балабақша жұмыс істейді. Соның 351-і жекеменшік. Өткен жылдың өзінде 80 жекеменшік балабақша ашылып, кезектегі балдырғандарды бақшамен қамтыған. Кәсіпкерлердің арқасында мектеп жасына дейінгі балаларды бақшамен қамту пайызы өсіп отыр. Жалпы кезекте 39 мың балғын бар. Сала мамандарының айтуынша, 2019 жылға дейін кезек мәселесі толық шешімін табуы тиіс.
Айта кету керек, баласын электронды кезекке қойған қала жұртшылығының бұл жаңалықтың нәтижесіне көңілдері толып отыр. Әр мекеменің табалдырығын тоздырмай, қалаған мектепке дейінгі мекемеге жолдама алғанына разы.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.