40 жылдан астам уақыт бұрын жүргізілген құбыр желілерінің үстіне құрылыс салуға рұқсат берген адамдар бүгінгі күні билікте емес. Коммуналдық қызметкерлер үйлерге қауіп төніп тұрғанын айтады, ал тұрғындар болса бастарына түскен қиындықтарын кімге айтарларын білмей отырған тәрізді. Тұрғындардың басына түскен қиындықтарына себепші болып тұрған - ескі тұрба. Ұзақ уақыт бойы қызмет етіп келген бұл тұрба бүгінде әбден ескіріпті. Сондықтан оны ауыстыру қажет. Сарапшылардың айтуынша, мұны ауыстырмаса аудан тұрғындарын тәулік бойы сапалы сумен қамтамасыз ету мүмкін емес. Бұл ауданға тұрғындар осыдан 40 жыл бұрын қоныстана бастаған. Бұрыннан осында тұратын тұрғындардың айтуынша кезінде құрылыс жүргізуге рұқсат алған және ешкім оларға санитарлық аймақ туралы айтпағанға ұқсайды.
Тұрғындардың айтуынша, тозған су құбырындағы су көшедегі үш үйге ғана барады. Бірақ оларды басқа көшеде жүріп өтетін магистральды су құбырына қосуға болады. Сонда ешкім қиналмас еді дейді олар. Дегенмен, мамандардың өз шындығы бар. Олардың пікірінше, бұл үйлердің барлығы бір сәтті жер астына кетуі мүмкін екен. «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС өкілдері қызыл сызықпен салынған үйлер жөндеу жұмыстарына кедергі келтіреді дейді. Бұл жердің опырылуына және елеулі материалдық шығындарға әкелуі мүмкін. Санитарлық қорғау аймағының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мекеме басшылығы тиісті органдарға жүгінуге мәжбүр. Яғни, бұл істің нүктесін сот қояды деген сөз.
«AQ-QARA.KZ» – ақпарат»