Пятница, 27 Июль 2018 10:57

Шымкентте «Қауіпсіз қала» іс-шарасы өтіп жатыр

Шымкентте кең көлемді «Қауіпсіз қала» іс-шарасы өтуде. Яғни, 2018 жылдың 25 шілдесі мен 5 тамыз аралығында Шымкент қаласы аумағында кең көлемді «Қауіпсіз қала» жедел-профилактикалық іс шарасы жүргізілуде.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – бұрын қолданыста болған заттарды сататын нүктелерді анықтау, яни автобөлшектер сататын орындарға, ломбардтарға, темір сататын нүктелерге, ұялы телефон сататын нүктелерге және т.б. сауда орындарына кең көлемді тексеру жұмыстарын жүргізу және оларды тіркеуге алу болып табылады.

Сонымен қатар, тәулікке жалға берілетін пәтерлерді анықтау, тіркеусіз жүрген азаматтарды, бұрын сотты болғандарды тексеріп, есепке алу. Түнгі уақыттарда ойын – сауық орталықтарына, ойынханалар мен сауналарға тексеру жүргізу, есепке алу. Жеке үйлерге тексеру жұмыстарын жүргізу. Есірткі заттары мен заңсыз қаруларды анықтау болып табылады. Аталмыш іс-шараға Шымкент қаласының 1000-нан астам полиция қызметкері жұмылдырылып, олар он күн бойы күшейтілген тәртіпте жұмыс атқаратын болады.

«AQ-QARA.KZ» – ақпарат»

Read 8966 times