Пятница, 03 Август 2018 09:19

Түркістан облысында атаулы әлеуметтік көмек алған отбасылардың саны 24 мыңнан асқан

Түркістан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы 2018 жылдың І жарты жылдығына дейін 24 мыңнан астам отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындаған. 24 мың отбасы, яғни, ондағы 139,5 мың адамға қазына қаржысынан 7639,2 млн. теңге қаралып, оның ішінде, 127,5 мың адамға (91,4%) шартты ақшалай көмек, 12 мың адамға (8,6%) шартсыз ақшалай көмек тартылған.

Сондай-ақ, 19585 еңбекке жарамды шартты ақшалай көмек алушы азамат жұмыспен қамту шараларымен қамтылса, олардың 85,1 (16660 адам) пайызы тұрақты жұмысқа тұрған. Ал 1561 адам шартты ақшалай көмекке бөлінген қаржының есебінен өз ісін ашыпты. Негізінен, биыл өңірде 259 мыңнан астам азаматты жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекпен қамту жоспарланыпты. Бұл мақсатқа 16,4 млрд. теңге қаралып отыр. 

Еске салсақ, «100 нақты қадам – Ұлт жоспары» аясында биылдан бастап қазіргі ұсынатын үш түрлі әлеуметтік төлемдер орнына атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы енгізілген-ді. Оның мәні, шындығында қиын жағдайға тап болған және нақты себептерге байланысты осы жағдайдан шыға алмайтын азаматтарға шартсыз көмек ұсынылатын болады. Еңбекке қабілеттілікті сақтаған, көмек алушы үміткерлері белсенді бағдарламаларға қатысушысына қолдау шартты ақшалай түрінде көрсетілетін болады.

«AQ-QARA.KZ» – ақпарат»

Read 1362 times