Шаян ауылдық округінің әкімінің орынбасары Сәкен Мырзабековтың айтуынша, инфрақұрылым республикалық бюджет есебінен тартылған. Үй салам дейтін тұрғындар үшін коммуналдық мәселелер толық шешілген. Бәйдібек ауданынында жұртшылықты тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша бірқатар жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жуырда Астана қаласының 20 жылдығы мерейтойы қарсаңында 1 пәтерлі 20 тұрғын үйдің кілті салтанатты түрде табыс етіліп, 20 отбасы қоныс тойын тойлады. Атап айтқанда, үйлер жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, әлеуметтік жағынан қорғалатын табысы аз азаматтарға, мемлекеттік қызметшілер, өзге де бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері мен әскери қызметшілерге және апатты жағдайдағы үйлер санаты бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға берілді. Үйлердің ауласы қоршалған, ауыз су тартылған.
Қазіргі таңда Бәйдібек ауданы Шаян ауылының батыс бөлігінде орналасқан жаңа үйлер өз алдына бір шағынаудан болып құрылып отыр. Одан бөлек, Бәйдібек ауданындағы 3 елді мекенде жеке мердігерлердің есебінен 2 қабатты 10 пәтерлі қызметтік тұрғын үйдің және аудан орталығы Шаян ауылынан 2 қабатты 16 пәтерлі 5 тұрғын үйдің құрылысына жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп жатыр. Бүгінде Шаян ауылында жеке инвесторлар жалпы құны 1,3 млрд. теңгеге жабық теннис корты, жүзу бассейні, және спорт алаңшаларының құрылысын бастап кетті. Құрылыс нысандарын түркиялық мердігер компания салып жатыр. Бұл нысандар биыл пайдалануға берілмек.
«AQ-QARA.KZ» – ақпарат»