Шымкент қаласының әкімдігі азаматтардан қала әкімдігінің жұмысында көрініс беріп отырған олқылықтар жөнінде толық ақпар беруді сұрайды. Сонымен бірге әкімдіктің де, оның құрылымдық бөлімшелерінің де жұмысын бағалауға болады. Тұрғындар өз шағымдарын ғаламторда орналастырылған арнайы форманы толтыру арқылы қалдыра алады.
Азаматтардың сауалға берген жауап нәтижелері әкімдіктің міндеттерін ашық жариялаудың негізін құрайды, ол жергілікті атқарушы органдар үшін халыққа қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша өз қызметінің басымдықтарын айқындауға арналған нұсқаулық есебінде болмақ. Айта кету керек, қала тұрғындарының шағымы ыңғайлы болу үшін онлайн және офлайн түрінде де қабылданады.
Онлайн сауалнамадан бөлек, қала аумағында тұрғындардың шағымдарын қабылдайтын 10 орын бар:
1. "К.Маркс" аялдамасы;
2. ХҚКО (Қажымұқан стадионы);
3. «Шымкент Плаза» ойын-сауда орталығы;
4. «Мега» ойын-сауда орталығы;
5. Жұмыспен қамту орталығы;
6. «Самал» базары;
7. «Алаш» базары;
8. Жайлаукөл саябағы;
9. "Теріскей" аялдамасы;
10. "Имран" супермаркеті.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»