Былтырғы жылыту маусымында Шымкент қаласына көмір жеткізуде вагондардың жетіспеушілігі себепті қиындықтар болған еді. Көліктер көмірдің келуін апталап күткен еді. Биыл көмірдің тоннасы жоғарыда айтқанымыздай 14600 теңгеге дейін сатылуда. Ары қарай баға қандай болатыны әзірге белгісіз.
Тұрақты клиенттер арасында кірпіш және цемент зауыттары бар. Олар өндірісте майда көмірді пайдаланатыны белгілі. Тәжірибелі жүргізушілердің айтуынша, биыл қарағандылық шұбаркөл көмірінің сапасы жаман емес, жылу қуаты да жоғары көрінеді. Отын базасындағылар көмірмен қамтамасыз ету мәселесінде қиындықтар туындауы мүмкін деп алаңдаулы.Отын базасының менеджеріӘнуар Томанов: «Осы себептен біз жылыжай иелерінің өтінімдерін қабылдағанға дейін келісім жасамаймыз, ал өткен жылы жылыжай шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтарына қатты көмір беру мәселесі болды»,-дейді.
Бір айта кетерлігі, бұл проблемалар бюджеттік мекемелерге қатысты емес, себебі келісімшар бойынша мұнда бірінші кезекте мектептерге көмір жөнелтілуі керек. Бүгінгі күні өтініштердің 80 пайызы қанағаттандырылыпты. Тұтынушыларға көмір таситын көлік жүргізушілері былтырғыдай қатты отынмен қамтамасыз етудегі қиындықтар қайталанбаса екен, сол үшін өңір басшылары вагон тапшылығы мен отын базаларында кезек болмас үшін алдын ала келісім жасап, сол келісімнің орындалуын қамтамыз етсе дейді.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»