Қазіргі таңда 4 пәтердің үшеуінің тұрғындарына уақытша баспана берілді. Жарықтың пайда болуына соқтырған себеп пен кінәлі тұлға анықталған соң ол тұрғындарға кінәлі тұлғаның есебінен баспана сатып алып беріледі. Алдағы уақытта Шымкентті көптеген өзгерістер күтіп тұр. Ең маңыздысы – миллионды қаланың тұрғындары үшін кең көшелер мен көпқабатты тұрғын үйлердің санын арттыру. Қала сәулетін заман талабына сай қайта жаңарту мақсатында бірқатар тұрғын үйлер мен нысандардың мемлекет мұқтаждығына қайтарылатыны бұған дейін де сөз болған.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»