Бұл бағытта облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес және Сауда қызметiн реттеу туралы заңды негізге ала отырып, ретсіз сауда жасаушыларды қаладағы бос тұрған арнайы базарларға көшіру жұмыстары қолға алынуда. Күні бүгінге дейін бұл өзекті мәселенің заң талаптарына сай механизмдері жүзеге асырылды. Арнайы құрылған топ түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, ескерту парақшаларын тарқатса, қала басшысы Ә.Өсербаев саудагерлермен осы мәселе төңірегінде бірнеше рет кездесіп, талқылаған болатын.
Ал тамыздың 13-інен бері қарай Түркістан қаласындағы ретсіз сауда орындары мен белгіленбеген жерлердегі сауда нүктелерін көшіру жұмыстары басталды. Бұл ретсіз сауда орындарына қаладағы "Алтынбұлақ", "Яссы", "Дархан" базарларынан арнайы орындар беріледі. Білуімізше, әзірге 1000-ға жуық сатушы "Алтын бұлақ" базарынан орын алуға өтініш берген.
Сонымен қатар қала әкімдігінің үйлестіруімен "Жолаушы" тасымалдаушы ЖШС-нің қаладағы бірнеше бағыттағы №1, 3, 6, 8, 12, 2А, 9А маршруттарының осы "Алтынбұлақ" базары арқылы жүруге бағыттары жүйеленді. Сондықтан да қала тұрғындары үшін базарға келіп-кету мәселесі де шешімін тауып отыр. Алдағы уақытта қаладағы өзгеде белгіленбеген жерде сауда жасаушы нүктелерді заңды сауда қатарлары мен базарларға көшіріп, жүйлеу жұмыстары өз жалғасын табады. Өз кезегінде қала ішіндегі көлік қатынасы мен жолаушылар тасымалдау жұмыстары да өзгерістерге қарай халыққа ыңғайлы етіп тиісті мекеме тарапынан үйлестірілетін болады.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.