Жәрмеңкенің мақсаты – аудан аумағында орналасқан мекемелердегі бос орындарды жариялап, соларға жұмысқа орналасуға ниетті азаматтарға қолау көрсету. Жәрмеңкеге 71 жұмыс беруші мекемеден 207 бос жұмыс орны ұсынылды. Бос жұмыс орындарының ішіндегі сұраныстың көп бөлігі білім саласына қатысты. Атап айтсақ, орыс тілі және әдебиеті, ағылшын тілі, математика және физика пәндерінің мұғаліміне.
Жалпы, жәрмеңкеге 217 адамқатысса, оныңішіндежұмыссыздарсаны 175 адамдықұрады. Соның ішінде 113 жұмыссыз адамға «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес заңдылықтарын түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жиырма тоғызға дейінгі жастар мен жалпы жұмыссыз азаматтарға «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында жастар практикасы мен қысқа мерзімдік кәсіптік оқыту курстарына қатысу тәртібі түсіндіріліп, бағдарламаға қатысуға шақырылды. Жәрмеңке барысында ұсынылған 207 жұмыс орнының 55-іне жұмыссыз азаматтар жолданды. Оның ішінде 2-і – мүмкіндігі шектеулі азамат. Сонымен қатар жастар практикасына 11 жас және ақылы қоғамдық жұмысқа 13 азамат жолданды.
Бүгінгі күнге сұраныс берген мекемелердің көбісі білім саласынан болғандықтан, қазіргі кездегі аудан мектептердегі барлық мұғалімдік бос жұмыс орындары «jumus.sitcen.kz» сайтында жарияланды, жұмысқа конкурс негізінде қабылданады. Үміткер осы сайтқа жеке электрондық поштасы бойынша теркеліп, өтініш тастау арқылы конкурсқа қатыса алады.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.