Вторник, 28 Август 2018 04:18

Түркістан облысы: Сарыағаш ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы республика көлемінде 6-шы орынды иеленді

Республика деңгейінде қызмет атқарып жатқан 160 аудандық халықты жұмыспен қамту орталықтарының 2018 жылдың жарты жылдығы қорытындысы бойынша атқарған жұмыстарына бағалау жұмыстары жүргізіліп, арнайы рейтинг құрылған. Аталған көрсеткіштер бойынша республика көлемінде Сарыағаш ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы 6-шы орынды иеленді. 

2011 жылы жұмысын бастаған жұмыспен қамту орталығы, жұмыссыз азаматтарға жұмысқа орналасуға, жоғарғы оқу орнын аяқтаған жас мамандарға жастар тәжірибесінен өтуге, жеке кәсіпкерлігін ашқысы келген азаматтарға несие алуға мүмкіндік беріп, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қолдау шараларына қатыстырып халықтың алғысын алып келеді.

Бүгінгі күнде Сарыағаш ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығында 61 маман қызмет атқарады. Нәтижелі жұмыс атқару үшін, орталық мамандарына барлық жағдай жасалынып, толық компьютерлермен және де керек-жарақтармен жабдықталған.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 1219 times