Вторник, 04 Сентябрь 2018 17:40

Түркістан облысы: Жетісай ауданында 65 ауыл ауызсумен тәулік бойына қамтылған

Бүгінде Жетісай ауданында 1 қала, 1 кент және 11 ауылдық округ бар. Олардағы 104 елді мекенде 172903 халық тұрады. Аталған елді мекендердегі қолданыстағы су құбырларының ұзындығы 951 шақырымды құрайды. 

Бұл су құбырларында 94 дана ауыз су ұңғымасы, 83 су мұнарасы, 24 су сақтағыш санитарлық қорғау аймақтары жұмыс істеп тұр. 2018 жылы аудандағы 24 сағат ауызсу беріліп отырған елді мекендер саны 65-ке жетті.

Биыл аудан халқын сапалы ауыз сумен қамту мақсатында Еңбекші, Қызылту елді мекендерінің ауызсу жүйелерін ағымдағы жөндеуден өткізу үшін жергілікті бюджеттен 23 586, 0 мың теңге бөлініп, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Сондай-ақ елді мекендердегі су жүйелеріне орнатылған "Мембрана" және "Омега" су тазартқыш қондырғыларын күтіп ұстауға 50 000,0 мың теңге бөлінген. 

Сонымен қатар 26 елді мекеннің жерасты су қорына іздеу-барлау жұмыстары жүргізіліп, Өркенді ауылына жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптама қорытындысы алынған. Жетісай ауданындағы жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 79 557,0 мың теңге бөлініпті.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 883 times