Бағдарлама қатысып, жаңа кәсіпті игерген 1000-ға жуық маман бүгінде тігінші, кондитер, шаштараз, аспаз, құрылысшы, сантехник және өзге де мамандықтарға машықтанған. Оларға арнайы куәлік тапсырылды. Сарыағаш ауданы жұмыспен қамту орталығының директоры Динара Динашеваның айтуынша, «Әр ауылға өз шебері» жобасы бойынша 1600-ден аса адам оқып, оның 1035-і жұмыспен қамтылған. 27 мамандықты игеру үшін 1080 адам үш ай мерзімге оқуға жолданған.
Сарыағаштықтар жұмыссыздықты жою мақсатында қолға алынған «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2020 жылдарға арналған бағдарламасын» іске асыруда республика бойынша алдыңғы қатарда келеді.
«AQ-QARA.KZ» – ақпарат»