Түркістан облысы: Жетісайда мақта көбелегіне қарсы күрес күшеймек
Жетісай ауданы әкімдігінде аппараттық жиыны өтті. Жиында ең бірінші мәселе ретінде мақта зиянкестеріне қарсы күрес жайы талқыланды. Аталған мәселе бойынша Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына қарасты өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің басшысы Темірхан Елғонов баяндама жасады.