Түркістан облысы: Жетісай ауданындағы Қоғалы ауылы көгілдір отынмен қамтылады

Таяу күндері Түркістан облысы Жетісай ауданына қарасты Атамекен ауыл округінің Қоғалы ауылындағы 136 отбасы көгілдір отынмен қамтылмақ.  Бұл мақсатқа 2017 жылы облыстық бюджеттен 87 млн 219 мың теңге бөлініп,  ұзындығы 8,69 шақырымды құрайтын газ құбырлары тартылған болатын.

Түркістан облысы: білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының құрылтай конференциясы өтті

Өткен сәрсенбі, яғни 19 қыркүйек күні Жетісай, Мақтаарал аудандарының білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының құрылтай конференциясы өтті.  Күн тәртібіндегі басты мәселе – ауданның бөлінуіне орай білім беру ұйымдарының кәсіподақ басшыларын сайлау болатын.

Түркістан облысы: Сайрам ауданындағы 60 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Түркістан облысы Сайрам ауданында ағымдағы жылы елдімекендердің ішкі көшелерін орташа жөндеуден өткізу үшін аудандық бюджет есебінен жалпы ұзындығы 59 шақырымды құрайтын 60 көшеде жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Түркістан облысы: Төлеби ауданында 6 мыңнан астам тұрғын таза ауызсу ішетін болады

Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданында су құбырларының құрылысы қарқынды түрде жүргізілуде. Биыл ауданның 2 бірдей ауылы сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады. Атап айқанда, тұрғындары артезиан құдықтардан су ішіп келген Тағайна ауылы мен су құбырлары тозған Зағамбар ауылы. Зағамбар ауылындағы су құбырының құрылысы ағымдағы жылдың сәуір айында бастаса, Тағайнадағы құрылыс жұмыстары мамыр айында бастау алған.

Сарыағашта бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті

Сәрсенбі күні, яғни 12 қыркүйекте Сарыағаш ауданында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде 400 бос жұмыс орны ұсынылғанын айта кеткен жөн. Дәлірек айтсақ, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында қысқа мерзімді кәсіптік оқуды аяқтаған тұрғындар жұмыспен қамтылды. 

«Хайвилл Қазақстан» компаниясы Түркістанда әлеуметтік нысандар мен көпқабатты үйлер салатын болады

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Хайвилл Қазақстан» компаниясының бас директоры Джон Дэ Кангты қабылдады. Кездесуде екіжақты әріптестікті күшейтіп, Түркістан қаласын дамыту мәселелері сөз болды. Өңір басшысы құрылыс саласында өзіндік орны бар кореялық компаниямен бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.

Түркістан облысында жол картасын іске асырудың нәтижесінде өзектендірілуі тиіс адамдардың саны 626 мыңды құрады

Жуырда Премьер-Министр Б.Сағынтаевтың төрағалығымен Үкімет отырысы өткен-ді. Онда формальді емес жұмыспен қамтылған халықты формализациялау және оларды еліміздің экономикасына тарту жөніндегі жол картасын іске асыру барысы қаралды. Аталған мәселе аясында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі М.Әбілқасымова баяндама жасады. Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» хабарлайды «ontustik.gov.kz-ке» сілтеме жасап.